Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Хабарландыру!

Хабарландыру!

Құрметті әріптестер!

 «Болашаққа бағдар»: рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру стратегиясы мен тәжірибесі» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференция  2018 жылы 31 қазанда өтеді.

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

1-СЕКЦИЯ Қоғамдық сананы жаңғырту тұрғысынан қазіргі заманғы ұлттық экономиканы трансформациялау

2-СЕКЦИЯ  Қазіргі кезеңдегі халықаралық және ұлттық заңнаманы дамыту үрдістері

3-СЕКЦИЯ Мемлекеттік сектордағы қоғамды жаңғырту жағдайында аймақтық экономиканы дамыту

4-СЕКЦИЯ Қаржы және бухгалтерлік есеп саласындағы жаңғыртудың ғылыми-тәжірибелік аспектілері

Конференцияға тапсырыстар 2018 жылдың 25 қазанына дейін  қабылданады.

Конференцияға қатысуға ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, докторанттар, магистранттар, өндіріс салалары мен бизнес қызметкерлері шақырылады.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша ISBN индексі, ББК және ОӘЖ индекстері берілген ғылыми мақалалар жинағы шығарылады.

Конференцияның ресми тілдері-қазақ, орыс, ағылшын.

«Болашаққа бағдар» рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру стратегиясы мен тәжірибесі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындысымен және материалдарымен http: //arsu.kz сайтынан таныса аласыздар. Конференция жинағы PDF форматында жіберіледі.

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ

Мақала көлемі, оның ішінде пайдаланылған әдебиеттер тізімі, кестелер мен суреттер, аннотация баспа мәтінімен 5-7 беттен аспауы тиіс. Мақалада ОӘЖ индексі көрсетілуі тиіс. (ОӘЖ индексі мақала тақырыбының алдында сол жағында бөлек жолда жазылады).

Мәтін кез келген версиядағы Word бағдарламасымен жазылып, электронды поштаға жіберілуі тиіс. Мәтін шрифті-Times New Roman,  қағаз көлемі А4 (210*297 мм), жазу көлемі-14 пт; жоларалық арақашықтық- бірлік; абзац шегінісі-1 см; жоғарғы және төменгі жиектер- 2 см, оң жағы — 2 см, сол жағы — 2 см.

Кесте, сурет, формулаларда әртүрлілік болмауы тиіс, символдар мен белгілер түсініктері жасалынуы керек. Суреттер анық, таза болуы және суреттер мен кестелерге сілтемелер жасалынуы тиіс. Мәтінде формула саны минималды болу керек. Кестелер атауы міндетті түрде жазылу керек. Шартты қысқартылған сөздер мен символдарға түсінік берілу тиіс.

Мақала атауы.

Кілт сөздер. Мақала атауынан кейін мақала мәтініне дейінгі жолда орналасады.

Аннотация. Аннотация мәтіні үш тілде жазылып, мәтіннің алдында орналастырылады.

Пайдаланылған әдебиеттер мәтіннің соңына орналастырылады. Пайдаланылған әдебиеттер саны 20-дан аспауы тиіс. Әдебиет көзіне сілтеме квадратты жақша ішінде беріледі (цитатсыз [12], цитатпен немесе автор мәтіні қайталанғанда [12,  29 б.]).

Электронды нұсқада әр ғылыми мақала жеке файлда тұруы тиіс. Файлдың атына секция нөмірі мен бірінші автордың фамилиясын көрсетіңіз. (мысалы, Секция 1 Алиев).

Автор туралы мәлімет кесте түрінде толтырылады. Файлдың атына секция нөмірі мен бірінші автордың фамилиясын көрсетіңіз (мысалы, С-1 Алиев).

 

Автор туралы мәлімет

Автордың аты-жөні
Жұмыс орны  (ЖОО)
Лауазымы, кафедра аты толық, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Жұмыс, үй-мекен жайы
E-mail
Жұмыс, ұялы телефон
Мақала тақырыбы
Секция нөмірі

 

Конференция материалдарын рәсімдеу үлгісі

ОӘЖ 711.2

Алиев А.А.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Ақтөбе қ., Қазақстан

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

Кілт сөздер

Аннотация

Мақала мәтіні

Пайдаланылған әдебиеттер

Мақала, автор туралы мәлімет және ақша төленгені туралы сканерленген түбіртек (жеке файлда) бір хатпен келесі мекен жайға жіберілуі тиіс:

Қазақстан, Ақтөбе қ.,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғ., 34.

Тел: 8 (7132) 21 27 24

Email: conference_ecomen@mail.ru

Ресми сайт http: // arsu.kz

Материалды қабылдау барысында ұйымдастыру комитеті екі-үш күннің ішінде «материал қабылданды» деген ақпаратты автордың электронды мекен жайына жібереді.

Конференция материалдары Қазақстан, ТМД және шетел кітапханаларына жіберіледі.

Конференция материалдары

2018 жылдың 25 қазанына дейін  қабылданады.

Назарларыңызға!

Ұйымдастыру, баспадан шығару, полиграфиялық және конференция материалдарын тарату шығындарын ақтау мақсатында авторлар бір  мақала үшін 2000 теңге көлемінде ұйымдастыру жарнасын төлеулері тиіс.

Ақша аударылымы үшін реквизиттер:

АО «АТФ Банк» г. Актобе

ИИК: KZ63826D0KZTD2003261

БИК: ALMNKZKA

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті»

Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова даңғылы, 34.

БИН 130840021720

КБе – 16

Өткізілетін конференцияға байланысты туындайтын барлық сұрақтар мен ұсыныс, тілектеріңізді төмендегі жауапты қызметкерлерге хабарласып білдіре аласыздар:

Болатова Ботакоз Жумабековна — ұялы тел.: +77767680526,  е-mail: botik1984@mail.ru

Ибрашева Алмагул Жауынгеровна — ұялы тел.: +7 771 122 88 77, е-mail: ibrasheva1975@mail.ru

Оспанбаева Алия Жумагазиевна — ұялы тел.: +7 777 339 55 16, е-mail: ospanbaeva.aliya@mail.ru

Құрметпен ұйымдастыру комитеті!