Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Назарда ұрпақ тәрбиесі

Назарда ұрпақ тәрбиесі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Инновациялық технологиялар» паркінде орналасқан Ақтөбе облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қызметкерлері мен АӨМУ-нің профессор-оқытушылары қаладағы 6 жоғары оқу орындарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға жауапты қызметкерлерге тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік семинар өткізді.

Бас қосуда АӨМУ-нің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Д.Қ. Абенов университетте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, өзіндік ерекшеліктерін көрсете келе, «… жақында облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтің басшылығымен «Қоғам қәуіпсіздігі» атты зиялылардың қатысуымен мәжіліс өтіп, ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне тоқталған болатын». Осыған орай, ол жастар саясаты департаментіне облыстағы ЖОО студенттері арасында дәрістер курстарын жүргізуге, оған университеттің ПОҚ-ы дәрістер мен пікір таластар өткізуге дайын екенін айтып, ұсыныс жасады.
Сонымен қатар, «… университет мамандары мен географтары мектеп оқушыларына, облыс қонақтарына, басқа облыстардан келіп оқитын студенттер мен жастарға арналған «Ақтөбе облысы киелі жерлер географиясы мен тарихи ескерткіштері» атты экспедицияның маршруттарын дайындап, ұсына алатынын атап көрсетті. Себебі Ақтөбе облысында туристік маршруттарды жасақтау кеш дамуда. Ал ондай жұмыстарды біздің университет мамандары арқылы іске асыруға болады», — деп ойын түйіндеді.

Сөз соңында университет проректоры Б.А.Бекназаров «Тәрбиесіз берген білім-адамзаттың хас жауы» дегендер ұрпақ тәрбиесі туралы өз ойларын ортаға салды.

 

Рахым Бекназаров,

ғылым және инновациялар жөніндегі проректор