Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Қазіргі уақытта «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Білім және ғылым министрлігі тарапынан Қазақстан ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингісі жүргізілуде.

Жоғары оқу орындарының рейтингісін жасау барысында ЗТМО (зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы) мәліметтері бойынша алынатын түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші мен олардың орташа еңбекақысы сарапталады, сонымен қатар оқытушылардың практикалық тәжірибесі, ЖОО-ның білім беру бағдарламасына жұмсаған инвестициялары, халықаралық аккредиттелуі қарастырылады. Бұдан басқа рейтингке қатысатын мамандықтардың сәйкес салаларынан тартылған тәжірибесі мол мамандар мен сарапшылар білім беру бағдарламаларында берілетін пәндердің толықтылығы мен өзектілігін бағалайды.

Осы жылдың шілде айында аталған рейтингтің алғашқы қорытындылары жарияланды, оған университетіміздің 13 білім беру бағдарламасы енген болатын.

2018 жылдың 4 қазанында ЖОО білім беру бағдарламаларының қыркүйек айындағы жағдай бойынша ағымдағы рейтинг қорытындылары жария етілді. Осы рейтинг қорытындысы бойынша университетіміздің 5В060400-Физика білім беру бағдарламасы жетекші бірінші орынға ие болды.

Осыған байланысты аталған мамандықтың ұжымын жоғары көрсеткіштерімен құттықтаймыз!

Жүргізілген рейтингтер қорытындылары бойынша университет мамандықтары келесі орындарға ие болды: 2018 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша

5-орын:   5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

8-орын:   5В070700-Тау-кен ісі

10-орын: 5В070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу

13-орын: 5В070800-Мұнай-газ ісі

15-орын: 5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы

16-орын: 5В051100-Маркетинг

23-орын: 5В072900-Құрылыс

24-орын: 5В071300-Көлік, көлік техникасы және технологиялары

45-орын: 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

47-орын: 5В070300-Ақпараттық жүйелер

55-орын: 5В050900-Қаржы

56-орын: 5В050800-Есеп және аудит

72-орын: 5В050600-Экономика

2018 жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша:

1-орын:  5В060400-Физика

7-орын:  5В090200-Туризм

8-орын:  5В011100-Информатика, 5В070900-Металлургия

9-орын:  5В060700-Биология

9-орын: 5В090100- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

11-орын: 5В020700-Аударма ісі

16-орын: 5В060200-Информатика

22-орын: 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

28-орын: 5В010300-Құқықтану

37- орын: 5В060800-Экология

42-орын: 5В011900- Шетел тілі : екі шетел тілі

51-орын: 5В050700-Менеджмент

 

Дереккөз: http://atameken.kz/ru/services/44-rejting-obrazovatel-nyh-programm-vuzov