Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Менің кіші Отаным!» жобалар байқауы өтті

«Менің кіші Отаным!» жобалар байқауы өтті

Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында филология факультетінің 1-2 курс студенттері арасында «Менің кіші Отаным!» атты жобалар байқауы өтті. Шара ұйымдастырушысы – филология факультетінің «Орыс филологиясы және мәдениаралық коммуникация» кафедрасы.

Шара барысында өздерінің туған өлкесі туралы жобаларды «Филология:орыс филологиясы», «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Оырсы тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері ортаға салды.

Байқау нәтижесінде ең үздік жоба ретінде 2-курс студенттері Ишпанова Раина мен Бөлеков Жанкожаның жұмысы танылды. Барлығы байқауға 8 студенттік жоба қатысты.

«Құрметті қатысушылар, болашақта алдыңғы қатарлы маман иесі болу үшін тек оқуда озат болумен ғана шектелмеңіздер. Өздеріңізді жан-жақты дамытуға атсалысып, факультет, университет өміріне және қоғамдық шараларға белсенді қатысыңыздар. Кафедра атынан бүгінгі байқаудағы жеңістеріңізбен құттықтай отырып, бүгінгі шара алдағы үлкен жетістіктеріңіздің бастамасы болсын дегім келеді», — деді шарада сөз алған кафедра меңгерушісінің орынбасары Виктория Исламгалиева.

Шара аяғында барлық байқауға қатысушыларға Алғыс хаттар мен естелік-сыйлықтар табысталды.

 

Ажаргүл Кунарова