Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ұстаздар қауымын құттықтады

Ұстаздар қауымын құттықтады

Бүгін университеттің Студенттер сарайында Кәсіби-шығармашылық факультетінің Ұстаздар күніне арналған «Ұстазым менің, ұстазым!» тақырыбында мерекелік кеші өтті. Мерекелік шараны кәсіби-шығармашылық факультетінің студенттері мен түлектері өткізді.  Салтанатты шараға факультеттің ұжымы, облыстың және қаланың басқарма басшылары қатысты.  Алдымен сахнаға «Гүлнар» би ансамблінің бишілері шығып,  «Шашу» биін  биледі.

Одан соң университеттің  Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Нұржан Бердыбаев мерекелік кешті ашып,  ректор Бауыржан Ердембековтің құттықтауын жеткізді.

Салтанатты шарада облыстық маслихаттың депутаты Асқар Садықов, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Ардақ Төребаев, «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жаңғабыл Қабақбаев, «Қабақ баба» қоғамдық қорының төрағасы Амантай Үмбетайұлы, Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алтынай Юнисова, Ақтөбе қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончарев Жұбанов университетінің профессорлық-оқытушылық құрамын құттықтап, факультеттің бірқатар оқытушыларына алғыс хаттар табыстар мен бағалы сыйлықтарын табыстады.

Мерекелік шарада Кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сабыржан Мұхтаров сөз сөйлеп, Ұстаздар мерекесінің шығу тарихына тоқталды. Содан соң Сабыржан Сағидоллаұлы факультеттің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып, студенттерге білім мен тәрбие беруде ерең еңбектері үшін айтулы ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ, факультет деканы факультеттің ардагер ұстаздарын елеусіз қалдырмады.

Мерекелік кеш барысында факультеттің  түлектері мен белсенді студенттері өз өнерлерін ортаға салып, ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мерекелік кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласып, ұстаздарға ерекше әсер сыйлады.

Сандуғаш Байғұлқызы