Вторник, Март 19, 2024
Басты > Білім > Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов студенттерге жұмысқа орналасу және шәкіртақы тағайындау сертификаттарын табыстады

Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов студенттерге жұмысқа орналасу және шәкіртақы тағайындау сертификаттарын табыстады

Бүгін Жұбанов университетінде Мұғалжар ауданының күндері аясында «Туған жерім – нұрлы елім» атты аудан әкімі Ербол Данағұловтың «Жастар – жаңғыру жаршысы» тақырыбында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің мұғалжарлық студенттерімен кездесуі өтті. Жұбанов университетінің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен өткен бұл шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің əлеуметтік жəне тəрбие жұмыстары жөніндегі проекторы Нұржан Бердыбаев та қатысты.

Кездесу басында А.Жұбанов атындағы саз мектебінің «Дала сазы» ансамблі өнер көрсетті. Сондай-ақ кездесуге қатысушылар ағайынды Жұбановтардың жылжымалы көрмесін тамашалады.

 

Аудан басшысы Ербол Жеткергенұлы жиынға жиналған Мұғалжарлық жастарға ауданның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында атқарылып жатқан жұмыстар жайында мәліметтер бере отырып, студенттерді толғандырған сауалдарына жауап берді. Студенттік кездегі қызықты сəттерімен бөліскен әкім, мемлекеттік қызметке қалай келгендігі жайында, əкім болғанда ұстанатын негізгі ұстанымымен де бөлісті.

Сонымен қатар аудан әкімі Ербол Данағұлов 6 мұғалжарлық студентке 20 мың теңге көмелінде ақшалай сертификат табыстаса, белсенділік танытқан 5 студентті Алғыс хатпен марапаттады. Ал университетті 2019 жылы бітіретін 5 мұғалжарлық студентке мамандықтары бойынша Мұғалжар ауданынан жұмыспен қамтылатындығын растайтын куәліктер табыс етті.

Ербол Данағұлов өзі білім алған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне жəне экономика факультетінің ұжымына алғысын білдіре отырып, аталмыш факультетке 2 ноутбукті сыйға тартты.

Аудармасы А.Кунарова