Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Лингвист-ғалымдар жаһандану және тілдік білім беру мәселелерін талқылады

Лингвист-ғалымдар жаһандану және тілдік білім беру мәселелерін талқылады

Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары мен «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 4 курс студенттері «Черниговский коллегиум» Т.Г.Шевченко атындағы Ұлттық университеті(Украина) ұйымдастыруымен өткен «Тілдік білім беру және жаһандық шақыру» тақырыбындағы ХV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмыстарына қатысты.

Біздің ұжымдастарымыз филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Ж.Құрманова мен филолгия ғылымдарының кандидаты, доцент Г.И.Унгарбаеваның баяндамаларында Қазақстан Республикасындағы үш тілде білім берудің әдістемелік және  әдіснамалық негіздері қарастырылған. Теориялық аспектілері мәселелерін қозғай отырып, олар Республикамыздағы мектептер мен ЖОО-ындағы көптілді оқыту тәжірибесінің іске асу жолдары туралы айтты. Баяндамалары Украина және Ресей ғалымдарының қызығушылығын тудырды.

Эльмира Идрисова

Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация

кафедрасының оқытушысы