Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбедегі Жұбанов университетінің студенттерін 400 камера бақылайды

Ақтөбедегі Жұбанов университетінің студенттерін 400 камера бақылайды

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 400 камера қондырылады. Бүгін ситуациялық орталық пайдалануға берілді, деп хабарлайдыAktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбедегі ең ірі университеттің 8 корпусы мен үш жатақхана, екі спорт кешеніне камера қондырылды. Болашақта студенттердің сабаққа қатысуына қатысты ақпаратты ата-аналар тікелей эфир арқылы көре алады.

«Барлық бейнематериал бір орталықта бақылауда болады. Орталықтағы камераларды үш адам қарайды. Біз сабақтың өтуін, қоңырау кезіндегі әрекеттері мен кітапхана, спорт залды үнемі қарай аламыз. Жатақхана да қосылды. Алдағы уақытта ата-аналар балаларының сабаққа қатысуына қатысты мәліметті біле алады. Пара беру толық жойылып, емхитан тест арқылы қабылданады. Бұл «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылған «Универ» жобасы», — деді университет проректоры Қуанышбек Шүңкеев.

Айта кетейік, егер зат иесіз қалса, бұл туралы ақпарат жедел түседі. Сонымен қатар, сапалы камера адамдардың бет-әлпетін анық көруге мүмкіндік береді. Бұл камералар ІІД базасына қосылуы мүмкін.