Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жұбанов университеті бақылауда

Жұбанов университеті бақылауда

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Ситуациялық орталық» ашылды. Бұл орталық әртүрлі жағдайларда нысандарды бақылап, сараптама жүргізеді. Ситуациялық орталық бейнекамералар арқылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 6 оқу корпусын, университеттің бас ғимараты мен жатақхананың ауласын бақылайды. Ақпаратпен таныстырып отыратын коммуникация және интерактивті құрылғылар университет айналасында болған төтенше жағдайларды жедел түрде орталыққа белгі беру арқылы хабарлайды. Әр камераның бақылайтын өз нысаны бар. Бейнекамералар оқу жүйесінің сапасын жақсартуға да үлесін қосады. Әр аудиториядағы бейнебақылау оқытушының сабақ беруін, студенттің сабаққа қатысуын бақылап отырады. Сонымен қатар, «Иесіз қалдырылған зат» функциясы арқылы жоғалған затты табуға болады. Камера назарына иесіз қалған зат іліксе ол бұл жөнінде хабар береді. Ол терроризмге қарсы қауірсіздікті де қамтамасыз етеді. Қазір университеттің 30 пайызын бақылап отырған 100 камера іске қосылған. Ғимараттарды толықтай бейнебақылауда ұстау үшін 400 камера қажет. Университет басшылығы жаңа жылға дейін мұндай бейнебақылау камераларының санын арттыруды жоспарлап отыр.

http://www.rikatv.kz/kz/news/zh-banov-universitet-ba-ylauda-.html