Вторник, Март 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Студенттер лигасы өткізіледі

Студенттер лигасы өткізіледі

Жастарды бұқаралық спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау. Студенттер лигасы осы мақсатты көздейді.  Облыстық жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбедегі жоғарғы оқу орындарының жастары арасында спорттың бірнеше түрінен жарыстар өтуде. Өңірлік университеттің спорт залында бүгін үстел теннисі мен валейболдан алғашқы жарыстар басталды.

Студенттік лига 12 қазан мен 9 қараша аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің базаларында ұйымдастырылады. Спорттың 5 түрі бойынша өтетін жарысқа 200-ге жуық студент қатысады.

Айта кетейік, Ақтөбеде бүгінде 24 мыңнан астам студент білім алатын 6 жоғары оқу орны бар. Студенттердің арасындағы спорттық жарыстарға олардың барлығын қамту жоспарланды.

Студенттер арасындағы спорттық жарыстар  1 ай бойына  өтеді. Жастар  валейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақтан жарысады.  Үздіктер келесі жылдың мамырында біздің өңірде өтетін  универсиадада облыс намысын қорғайды.

 

Венера Серғазина