Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Аға эксперт Герд Ритхаллердің семинары табысты аяқталды

Аға эксперт Герд Ритхаллердің семинары табысты аяқталды

Халықаралық ынтымақтастық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 2-18 қазаны аралығында Германияның  Senior Experten Service GmbH (SES) аға эксперті Герд Риттхалер өткізген «Туризмді оқыту мен басқарудың әлемдік тәжірибесі» атты халықаралық семинарының жабылу салтанаты өткізілді.

Шара барысында орталық директоры Шоқым Гүлжан Тыныштықбайқызы аға экспертке өз тәжірибесімен бөлісіп, университетіміздің студенттер және оқытушылар құрамына жүргізген дәрістері мен берген кеңестеріне алғыс айта отырып, университет атынан естелікке сыйлық тарту етті. Өз кезегінде тарих факультеті деканы орынбасары Абденов Айдын сөз алып, Герд Риттхалерге жүргізген нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, ұлттық нақыштағы сувенир домбыра сыйлады. Алдағы уақытта да Жұбанов университеті неміс маманына өзара ынтымақтастық орнатуға ынталы және дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында халықаралық семинарға қатысушыларға сертификаттар табыстады.

 

Перизат Сыдық,

«Халықаралық ынтымақтастық» орталығының қызметкері