Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Дені сау ұрпақ тақырыбын қозғаған сұқбаттасу кеші өтті

Дені сау ұрпақ тақырыбын қозғаған сұқбаттасу кеші өтті

Ел болашағы дені сау жастардың қолында. Осы келелі тақырып төңірегінде ой қозғап, пікірлесу мақсатында Жұбанов университетінің №2 жатақханасында студенттермен бірге сұқбаттасу кеші ұйымдастырылды.

Кешке қатысқан Жұбанов университетінің дәрігерлері: терапевт Г. Аметова мен гинеколог М.Куспанова студенттер тарапынан қойылған көптеген сұрақтарга жауап-кеңес берді және оларға жеке және тұрмыстық гигиеналық жағдайды дұрыс ұстаудың денсаулыққа тікелей әсері болатынын ұғындырды.

Елбасы халыққа арнаған Жолдауында «Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс», – деп  атап көрсеткен болатын.  Жалпы қазақ халқы бірінші байлығын денсаулыққа теңеген ғой.

Кеш барысында  денсаулыққа байланысты зерттеу нәтижелері айтылды.  Қазақстанда, мысалы, абсолютті 100% дені сау адам жоқ. Халықтың 20%-ы салыстырмалы түрде ғана дені сау деп айта аламыз. Бірақ қатты күйзеліс, қатерлі факторлар әсер ететін болса, олар бұл санаттан шығып қалуы ықтимал. Енді 40%-ы сырқаты емделсе де, нәтижесі нашар жандар. Адамға кез-келген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Соның әсерінен әртүрлі күйзелістер пайда болған адам өз күшімен бұл жағдайдан шығып кете алмайды. 20%-ы ауру алды күйде және аурулардың созылмалы түріне өткен. Енді қалған 20%-да түрлі созылмалы сырқаттар бар. Бұл кісілердің жалпы денсаулығын қалпына келтіру оңай емес, бірақ сол аурулардың асқынуының алдын алуымыз керек. Бір ауру екінші ауруға өтіп кетпеуі керек. Сондықтан денсаулық кешінде тұрғын халық, денсаулық сақтау ұжымдары, басқа да кез-келген ұжым денсаулыққа көп көңіл аудару қажет екендігі де талқыға салынды.

Шара барысында тақырыпқа байланысты әлеуметтік роликтер көрсетілді. Сондай-ақ, «География» мамандыгының 2 курс студенттері арасында тренинг өткізілді.

Гүлжанат Сулейменова,

т.г.к. ,   «География және туризм» кафедрасының

аға оқытушысы