Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетелдік студенттерге арналған бейімдеу бағдарламасы бастау алды

Шетелдік студенттерге арналған бейімдеу бағдарламасы бастау алды

22 қазанда шетел тілдері факультетінде университет қабырғасында білім алып жатқан шетелдік студенттерді өз ортамызға бейімдеу бағдарламасы бастау алды. Бастама ретінде «Күзгі байрам» іс-шарасы өткізілді. Онда шетелдік студенттер қыз бен жігіт арасындағы айтыс өнерін көрсетіп, ұлттық аспаптарда ойнап, ән айтып, би биледі. Кейін ұлттық тағамдардан дастархан жайды. Іс-шара соңында шетелдік студенттер білім алуға жасалған мүмкіндік үшін облыс әкіміне және университет ректорына өз алғыстарын білдірді. Келесі мақсат – шетелдік студенттерді қаламыздың көрікті жерлеріне қыдыртып, өз қонақжайлылығымызды көрсету.