Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Польша Республикасының тәуелсіздігіне 100 жыл толуы «Святло» этно-мәдени бірлестігінде аталып өтті

Польша Республикасының тәуелсіздігіне 100 жыл толуы «Святло» этно-мәдени бірлестігінде аталып өтті

Ақтөбе қаласындағы поляктардың «Святло» этно-мәдени бірлестігі Польша Республикасының тәуелсіздігіне 100 жыл толуына арналған дөңгелек үстел үйымдастырды. Дөңгелек үстелге Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нен академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы Кужанова  С.Р. және Польша Республикасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқитын студенттер қатысты. Университет атынан іс-шараға қатысушылар Ақтөбе қаласындағы «Святло» этно-мәдени бірлестігін құттықтап, Жұбанов университетінің имидждік сыйлықтарын табыс етті. «Святло» ЭМБ басшысы Цибульская Е.В.  ректор Б.А.Ердембековтің  Алғыс хатымен марапатталды.

Шараның құрметті қонақтары ретінде Польша Республикасының Қазақстандағы елшісі Михал Богданович және шақырылған  поляк тілінің оқытушысы Марек Олчак қатысты.

Дөңгелек үстелде Польшаның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының тарихи кезеңдері талқыланып, Қазақстандағы танымал поляктардың еңбектері мен жетістіктерін еске алынды. Быдгощ қаласында (Польша Республикасы) Экономика университетінің академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысқан  «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті Александр Пашкин Тадэуш Ружевичтің өлеңін оқыды.