Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Білім > ЖОО-ға түсер кезінде талапкердің ерікті ретіндегі тәжірибесі болуы керек

ЖОО-ға түсер кезінде талапкердің ерікті ретіндегі тәжірибесі болуы керек

Қазақстанда әлеуметтік жұмысшылар үшін стандарттарды өзгерту жоспарланып отыр. Ұсынылып отырған жаңа талаптардың ішінде оқу орнына түсер кезінде ерікті ретіндегі (волонтер) тәжірибесі ескеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  «Егер де мектеп түлегі өзіне мамандық таңдай отырып, әлеуметтік қызметкер факультетіне немесе әлеуметтік педагог бағытына құжат тапсыруға барса, онда бұл талапкердің ерікті ретіндегі тәжірибесі міндетті түрде болуы тиіс. Ол әлеуметтік қызметкер ретінде мамандық алғанға дейін әлеуметтік лифтіден өтуі тиіс. Сондықтан ол тиісті тәжірибені алуы үшін курстардан өтіп, медициналық-әлеуметтік мекемелерде жұмыс істеп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектесуі керек»,- деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның пайымынша, осындай шаралар жүйеден дайындықсыз келген адамдарды шеттетеді. Себебі бұндай мамандар оқу орнын тәмамдағаннан кейін, салада небәрі екі-үш ай ғана қызмет етеді. Талдау нәтижелеріне қарағанда, әлеуметтік педагог немесе әлеуметтік қызметкер мамандығын алған түлектердің 50 пайызы кәсібі бойынша жұмыс істемейді екен.

inform.kz