Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің стартапшы студенттері Астана қаласында өтетін ұлттық Meet-UP-қа қатысуға жолдама алды

Жұбанов университетінің стартапшы студенттері Астана қаласында өтетін ұлттық Meet-UP-қа қатысуға жолдама алды

Кеше Жұбанов университетінде «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының аясында Аймақтық кәсіпкерлік уикенд өткен болатын. Уикенд соңында ERG компаниясы жариялаған «Rew Challenge» байқауының нәтижелері белгілі болды.

Конкурс шарты бойынша «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының қатысушылары өздерінің стартап жобалары туралы бейнеролик жасап, оны #EcoSystemERG#Вчера хэштегімен Ютуб арнасына жүктуі тиіс болды. Байқау қорытындысында Жұбанов университетінің 4 командасы үздіктер қатарынан табылды. Олар: физика-математика факультетінің «World of Ideas» командасы; филология факультетінің «RusUP»   командасы; экономика және құқық институтының «Khaki.Naki» командасы; тарих факультетінің «Memory» командасы; техникалық факультеттің «Wol» командасы.

Бұл аталған командалардың барлығы  2018 жылдың қараша айында Астана қаласында өтетін ұлттық Meet-UP-қа қатысуға жолдама алды. Meet-UP барысында олар өз жобаларымен ERG компаниясының инвесторларын таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

Барлығы ұлттық Meet-UP-қта Жұбанов университетінің атынан 19 студент қатысады.