Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбеде «Саналық ұрпақ» жобасының кеңсесі ашылды

Ақтөбеде «Саналық ұрпақ» жобасының кеңсесі ашылды

Ақтөбеде «Саналы ұрпақ» жобасының кеңсесі Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің базасында кеше ашылып, жұмысқа кірісті. Орталық облыс орталығындағы 4 жоғары оқу орны мен 37 колледж студент-жастарын «Саналы ұрпақ» жобасының басты қағидасы болып бекітілген, жарқын болашаққа жетелейтін жалғыз ғана жол – бұл жемқорлықсыз жол екенін ұрпақ санасында қалыптастыру.  Ұлттық жоба кеңсесінің ресми ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті  басшысының орынбасары Рафхат Бисенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сана қалыптастыруға қосып жатқан үлесі үшін Жұбанов университетінің басшылығына алғысын жеткізді және бұл бағыттағы шешуші және соңғы сөз бен қарекет әрине жастар тарапынан болуы қажет екенін атап өтті.

«Саналы ұрпақ» жобасының мақсаты студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және оқу орнында академиялық адалдық қағидатын енгізу болып табылады.

Жоба бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қабылдай отыра, қарсы күресетін арнайы комиссиялар құру жүзеге аспақ. Сонымен қатар, жүйелі шаралар жиынтығы жоспарланған. Соның бірі таяу арада сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон эстафетасын бастау.

Осылайша барлық жоғары және орта оқу орнында білім алушы жастардың басын біріктіріп, жемқорлықтан таза қоғам идеясын қалыптастыруда жастардың белсенділігін арттыруға бағышталған жаңа ауқымды жоба қанат қақты.

                                                                                      Ажаргүл КУНАРОВА

Жұбанов универистеінің «Баспасөз» қызметінің қызметкері