Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Факультет студенттері мен координаторлар назарына!

Факультет студенттері мен координаторлар назарына!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 2018-2019 оқу жылының екінші жартыжылдығына 2-3 курс студенттерінің арасында ұлттық (ішкі) және халықаралық (сыртқы) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау жұмыстарының басталғандығы туралы хабарлайды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға ниетті студенттердің тізімін кафедра және факультет кеңесінің хаттамаларымен бірге 2018 жылдың 1-қарашасына дейін тапсыруларыңызды сұраймыз.

Студенттер Академиялық ұтқырлық бөліміне келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

1. Ректордың атына өтініш;

2. Үлгі бойынша білім алушының өтініші;

3. Жеке басын куәландыратын құжаттың/паспорттың көшірмесі;

4. Транскрипт;

5. Оқу орнынан анықтама;

6. Ұсыныс хат;

7. Резюме;

8. Шет тілдерді меңгергендігі туралы сертификат;

9. Фото 3*4 – 6 дана.

Серіктес оқу орындарының білім бағдарламалары туралы қажетті ақпаратты Академиялық ұтқырлық бөлімінен (Инновациялық технологиялар паркі, 3 этаж, 18 кабинет) ала аласыздар.

Бөлім координаторлары: Жукетаева Салтанат Ерланқызы, Қуанышова Гүлбану Ідірісқызы. Электронды адрес: banu.arsu@mail.ru, onip211@mail.ru