Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің «Мансап» командасы экономикалық мамандықтар бойынша XVII  Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері

Жұбанов университетінің «Мансап» командасы экономикалық мамандықтар бойынша XVII  Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері

Жақында Орал қаласында өткен экономикалық мамандықтар бойынша XVII  Республикалық олимпиадаға Жұбанов университетінің «Экономика және құқық» факультетінің «Мансап» командасы қатысып қайтты. Олимпиада нәтижесінде олар жүлделі І-ші орынға тұрақтап, олимпиаданың алдыңғы жеңімпаздары болған Батыс-Қазақстан инновация-технологиялық университетінен «Ауыспалы кубок»-ты жеңіп алды.

Аталмыш олимпиада студенттердің, ұлттық экономика және басқарудың әртүрлі салаларында қызмет етеін болашақ мамандардың шығармашылық потенциалын айқындап, экономикалық мамандықтардың беделін нығайтуға үлес қосады.