Среда, Апрель 17, 2024
Басты > Жаңалықтар > Физика-математика факультетінде жұқпалы аурулардың алдын алу жөнінде семинар-тренинг өтті

Физика-математика факультетінде жұқпалы аурулардың алдын алу жөнінде семинар-тренинг өтті

Аталмыш шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр.

Семинар-тренинг «Жұқпалы аурулардың алдын алу: менингококты инфекция» тақырыбында ұйымдастырылған семинарға М.Оспанов атындағы БҚМУ-ң «Жұқпалы аурулар» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Мейрамбек Құрманғазин, Ақтөбе облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің «Эпидемиология» бөлімінің меңгерушісі Мұрат Мирманов, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң емхана меңгерушісі Жұмагүл Жұмағазина және физика-математика факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Семинар барысында облысымыздың бас инфекционист дәрігері Мейрамбек Құрманғазин менингококты инфекцияның Қазақстан бойынша эпидемиологиялық жағдайына ауруды қоздырушы инфекцияларға, таралу жолдарына, клиникалық сипаттамаларына тоқталып, аурудың алдын алу жолдары туралы сөз етті. Оның айтуынша, кез-келген аурудың алдын алу шараларының ең бастысы – адамның жеке басының гигиенасын сақтау, инфекцияның жедел таралу кезеңінде адам көп шоғырланатын жерлерге бармау, спортпен шұғылдану.

Жұбанов университеті емханасының меңгерушісі Жұмагүл Жұмағазина студенттерге DamuMed қосымшасы арқылы дәрігерге жазылып, кеңес алуға болатынын және 1 қазаннан бастап студенттік емханада тұмауға қарсы вакцианция науқаны басталғанын тілге тиек етті.

Шара барысында студенттер өздерін  қызықтыратын сұрақтарға мардымды жауаптар алды.