Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ мен Гродно мемлекеттік университеті арасында өзара ынтымақтастық орнамақ

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ мен Гродно мемлекеттік университеті арасында өзара ынтымақтастық орнамақ

3-6 тамыз аралығында университеттің Бірінші проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор К.Шункеев пен Халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Т.Шоқым Беларуссия Республикасы Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетіне іс-сапармен барып қайтты.

Сапар барысында аталмыш университет проректорлары, декандарымен кездесу жиын өткізіліп, екі жоғары оқу орны арасындағы ғылым және білім саласында өзара ынтымақтастық бағыттары нақтыланды. Бірлескен ғылыми-инновациялық жобалар жүргізу, қос дипломды білім беру, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер алмасу мәселелері талқыланып, нәтижесінде екі жақты келісімге қол қоюға уағдаласты.

Кездесуден соң делегация мүшелері университет мұражайымен танысып, ғылыми зертханаларды аралады және Гродно қаласына экскурсия жасады.