Четверг, Март 28, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жастар тәжірибе алмасты

Жастар тәжірибе алмасты

Лев Гумилев атындағы еуразия ұлттық университетінің студенттері Ақтөбеде. Олар елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің батыс өңірлерін араламақ.  Астанадан келген жастарды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ұжымы қарсы алды.

Ақтөбе — тарихи тұлғалар мекені. Аты аңызға айналған Қобыланды батыр, Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлова, дүние жүзіне танымал Жұбановтар отбасы да Ақтөбенің тумасы. Еліміздің өзге өңірінен келген жастарға ақтөбеліктердің көрсетері көп.

Әлемнің үздік он оқу орнының қатарында Лев Гумилев атындағы университет бар. Еліміздегі 57 жоғары оқу орындарының арасында ұлттық рейтинг бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті алдыңғы қатарда. Кездесу барысында студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарымен бөлісті. Баяндамалар жасап, пікір алмасты. Қонақтардың арасында өнерпаз жастар да бар. Шара студенттердің айтысына ұласты.

http://aktobetv.kz/kz/news/society/zhastar-tezhiribe-almasty