Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Облыс аудандарында Жұбанов университетінің кәсіби бағдар беру жұмыстары басталды

Облыс аудандарында Жұбанов университетінің кәсіби бағдар беру жұмыстары басталды

Жұбанов университетінің кәсіби бағдар беру бөлімінің қызметкерлері 29 қазаннан бастап облыс аудандарындағы кәсіби бағдар беру жұмыстарын бастап кетті. Осылайша кәсіби бағдар беру бойынша кездесулер Ырғыз және Әйтеке би аудандарында өтсе, бүгін университет қызметкерлері Хромтау ауданының оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында ҰБТ-ң жаңа форматы, ҚР БжҒМ мен ЖАО тарапынан бөлінетін гранттар туралы сөз болды. Сонымен қатар университет тарапынан келген өкілдер оқу орнының материалды-техникалық базасы, академиялық ұтқырлық бағдарламасы, арнайы гранттар, жеңілдіктер жайында да тілге тиек етті.

Кәсіби бағдар бойынша келесі кездесу Ойыл ауданында өтеді деп жоспарлануда.