Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Әлеуметтік желідегі мәдениет мәселесі талқыланған кездесу өтті

Әлеуметтік желідегі мәдениет мәселесі талқыланған кездесу өтті

Жаратылыстану факультетінде «Әлеуметтік желідегі мәдениет» тақырыбында ұйымдастырылған шараның басты мақсаты — қазіргі жастардың уақытын құр кетіріп, санасын улайтын, виртуалды әлемде өмір сүргізіп, жұртты адастыру мен бүлік шығаруға итермелейтін әлеуметтік желінің бір қырының мән-мағынасын түсіну.

Кеш қонақтары – «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасыны оқытушысы – Д.Д.Бекниязова, «Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы – А.Б.Наренова, блогерлер – Н.Абдраманов пен Н.Құдайбергенов, журналист – С.Е.Ниенқұлов және инженер-программист – С.Е.Файзуллин көптеген тақырып бойынша ой – пікірлерін ортаға салды.

Шара барысында талқыға салынған мәселелер: әлеуметтік желідегі таныстық пен виртуалдық өмірдің зардабы, заңмен қадағаланатын бейнеороликтермен бөлісіп, тарату, тікелей желіде мәдениеттілікті сақтау, смартфондардан туындайтын аурулар және т.б.

Әрбір шақырылған қонақ өзінің саласы бойынша әлеуметтік желінің студенттерімізге пайдалы және зиян жақтарын айтып түсіндіріп, жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамында өмір сүріп жатқан жастардың интернет желілерін тиімді пайдалануына шақырды. Шара өте қызықты өткізілді. Студенттер әрбір мәселені қонақтармен қызу талқылап, өз сұрақтарын қойып, айтылған қызықты мәліметтер мен пайдалы кеңестер үшін қонақтар мен ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

 

Салтанат ТӘЖЕКЕНОВА