Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Түркі халықтарының әдебиетін оқыту мәселесі талқыланған онлайн-семинар өтті

Түркі халықтарының әдебиетін оқыту мәселесі талқыланған онлайн-семинар өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология факультеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Түркияның Кастамону университеті, Ресейдің Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетінің әдебиеттанушы ғалымдары «Түркі халықтары әдебиетін оқыту: салыстырмалы аспект» тақырыбындағы халықаралық онлайн-семинарына қатысты.

Онлайн-семинар барысында  Кастамону университетінің докторы Орхан Сөйлемез, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен филология ғылымдарының докторы, профессор Бораш Б.Т., Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетінен филология ғылымдарының докторы, профессор Макарова В.Ф., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен филология ғылымдарының кандидаты,  қауымдастырылған профессор Балтымова М.Р., Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетінен филология ғылымдарының кандидаты, доцент Галиуллин Р.Р. баяндама жасады.

Баяндамаларда түркі халықтары әдебиетін зерттеуге қатысты жаңаша көзқарастар, жаһандану заманындағы әдеби байланыстар, қазақ-татар әдеби байланыстары, түркі халықтары әдебиетіндегі тарихи романдарды салыстырмалы зерттеу мәселелері мен қазақ әдебиетіндегі шығармалардың татар тіліне аударылу жайы қарастырылып, онлайн-семинарға қатысушылар тарапынан талқыға салынды.

Түркі халықтары әдебиетін оқытудағы өзекті мәселелерді талқылауға университетіміздің филология мамандығының 1-курс магистранттары мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттері де қатысып, семинардан тәжірибе жинақтады.

Эльмира ИДРИСОВА