Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жатақханада зияткерлікті шыңдайтын ойын өтті

Жатақханада зияткерлікті шыңдайтын ойын өтті

Жаратылыстану факультеті №1 жатақхана студенттері арасында зияткерлікті шыңдайтын «Қызық екен» интеллектуалды ойын-сайысын өткізді.

Сайыстың мақсаты — қатысушылардың интеллектуалдық және танымдық қабілеттерін, ой-өрістерін кеңейту мен дамыту, топта жұмыс жасауға үйрету, оларды сөз шеберлігіне бейімдеу, бос уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізуге бағдар беру.

Шара барысында  студенттер  екі командаға бөлініп, залдағы көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, өз білім дәрежелерін көрсетті.

Салтанат ТАЖЕКЕНОВА