Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Аман-мұнай» ЖШС-мен ынтамақтастық меморандумына қол қойылды

«Аман-мұнай» ЖШС-мен ынтамақтастық меморандумына қол қойылды

Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» халыққа Жолдауында келе жатқан 2019 жылды жастар жылы деп белгіледі. Осыған орай Жұбанов университетінің студенттері «Аман-мұнай» ЖШС өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында аталмыш компания арасында ынтымақтастық турасындағы меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, «Аман-мұнай» ЖШС-і Жұбанов университетінің студенттеріне 58 білім грантын бөліп отыр.

Университет ректоры Бауыржан Ердембеков студенттердің тәжірибеден өту және жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мақсатында облыстағы өндірістік компаниялар мен университет арасында тығыз қарым-қатынас орнатылғандығын атап кетті. «Сіздер өз болашақтарыңызды бүгінгі күннен бастап ойлап, алдарыңызға мақсат қойыңыздар. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін немен айналысатындарыңызды осы кезден  жоспарлауларыңыз керек», — деді ол өз сөзінде.

«Аман-мұнай» ЖШС-нің өндіріс және экология бойынша бас ди⁠ректор орынбасары Ерхан Ажигалиев: «Біздің компанияның базасында сіздер үшін өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігі бар. Студенттер үшін білім гранттарын бөлуді жалғастырамыз деген үміттеміз».

Кездесу соңында білім грантына ие болған студенттер компания өкілдеріне алғыстарын жеткізді.

Аудармашы А.Кунарова