Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жастар саясаты > Студенттік өзін-өзі басқарудың онкүндігі басталды

Студенттік өзін-өзі басқарудың онкүндігі басталды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Кәсіби-шығармашылық факультетінде бүгіннен бастап студенттік өзін-өзі басқарудың онкүндігі басталды. Онкүндік барысында студенттік деканат факультеттегі оқу және тәрбие процестеріне  толық басшылық жасайды.

 «Студенттік өзін-өзі басқарудың мәні зор. Әзірге 10 күн белгіледік, әрі қарай келесіде екі апта беріп, осылайша мерзімін созып отыратын боламыз. Белсенді студенттеріміз мойындарына жүктелген жауапкершілікті сезініп, өте ықыласпен міндеттерін бастады»,-дейді факультет деканының орынбасары А.К.Кангельдин.

Өзін-өзі басқарудың онкүндігінің алдын-ала жоспары жасалған. Аталмыш уақыт ішінде студенттік деканат сабаққа қатысымын бақылау, оқу процесі, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстары бойынша сияқты істерді жүзеге асыратын болады. Ол үшін студенттік декан, оның 2 орынбасары және 3 студенттік кафедра меңгерушілері міндеттеріне кірісті.

Б.Забихолла, студенттік деканат мүшесі