Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылыми журналдарды әлемдік ақпараттық кеңістікте дайындау жайы қозғалған семинар өтті

Ғылыми журналдарды әлемдік ақпараттық кеңістікте дайындау жайы қозғалған семинар өтті

6 қараша күні Ғылым және инновациялық бағдарламалар департаментінің ұйымдастыруымен «Ғылыми журналдарды әлемдік ақпараттық кеңістікте жүргізуге дайындау: Scopus және ScienceDirect нұсқаулығы бойынша» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға университеттің ғылым және инновациялар бойынша проректоры Рахым Бекназаров, Ғылым және инновациялық бағдарламалар бойынша департамент ди⁠ректоры Берікхан Ісбек, университеттің профессор-оқытушылық құрамы, докторанттар мен жас ғалымдар қатысты. Семинар спикерлері — Қазақстандағы Elsevier компаниясының ресми өкілі Дина Шайхислам және Батыс Қазақстан бойынша координаторы Алмагүл Қамиева болды.

Кездесу барысында жетекші әлемдік рейтингке ие журналдарда жарыққа шығатын жоғары сапалы ғылыми мақалалар дайындау, университетте ақпараттық-сараптамалық ресурстардың қолжетімділігі, оның ішінде Scopus аналитикалық ғылыми білім базасының,  толықмәтінді ScienceDirect журналының ақпараттық базасының және Mendeley библиографиялық деректерді басқару бағдарламасының қолжетімділігі турасындағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар ғылыми мақала авторларының дербес деректерін жекелендіруге арналған көрсеткіш аккаунттар құрылды.

Еске сала кетейік, ұлттық жазылу аясында ҚР БжҒМ-нің шешімі мен қаржыландыруы нәтижесінде Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Scopus мәліметтер базасына қол жеткізді. Scopus 2300-нан астам ғылыми-техникалық және медициналық журналдарды, 5000 халықаралық баспаларды және толықмәтінді ScienceDirect журналын индекстейтін рефератты мәліметтер базасы болып табылады. Журналдан басқа, жоба 24 сала бойынша мультипәндік зерттеулері бар Elsevier-дің 5000 кітабына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Барлық семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталып, оқу материалдары таратылды.

Семинарға қатыса алмаған қызметкерлер қазақ және орыс тілдеріндегі ScienceDirect базасын пайдалану туралы таныстырылым материалдарын төменде көрсетілген сілтеме арқылы жүктей алады.

Аудармашы А.Кунарова