Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > 1-курс студенттері алғашқы шәкіртақыларын қайырымдылыққа жұмсады

1-курс студенттері алғашқы шәкіртақыларын қайырымдылыққа жұмсады

Жұбанов университетінің «Кәсіптік оқыту» мамандығының 1-курс студенттері алғашқы шәкіртақыларын қайырымдылыққа жұмсауды жөн көрді. Олардың бұл ойларын құптаған топ кураторлары және осы мамандықтың жоғарғы курс студенттері аталмыш шараға қуана қосылды. Осылайша олар «Үміт» балалар үйінде болып келді.

«Әрине, біз оларға ата-анасын алмастыра алмаймыз, бірақ барымызша қамқорлық жасауға әр кез дайынбыз. Өкінішке орай уақыттың аздығы және балалар тәрбиеленіп жатқан мекеме тәртібіне байланысты барлық сәбилерді көре алмадық. Алдағы уақытта мұндай кездесулер тағы да ұйымдастырылатын болар деп үміттенеміз, өйткені бұндай шаралар студенттердің адамгершілігі мол тұлға болып қалыптасуына  септігін тигізеді деп ойлаймыз», — деді топ кураторларының бірі Ақмарал Аймағанбетова.

Қайырымдылық қоржынынан шыққан түрлі сыйлықтар, нәрестелер тамағы мен жөргектер балалар үйі тәрбиеленушілерінің көңілін бір серпілтіп тастады.

Ажар КУНАРОВА

Қ.Жұбанов ат. АӨМУ баспасөз қызметінің маманы

https://bilimdinews.kz/?p=18028