Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тарих факультетінде аймақтық ғылыми оқулар өтуде

Тарих факультетінде аймақтық ғылыми оқулар өтуде

Бүгін Жұбанов университетінің тарих факультетінде «Туған өлкеңді тани біл» аймақтық ғылыми оқулары басталды. Бұл шараны Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Рухани қазына» кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқару» ММ мен «Ақтөбе облыстық білім басқарамасы» ММ қолдауымен Ақтөбе облыстық планетарийі мен Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ біргелікте ұйымдастырып отыр.

Оқулар жас ғалымдардың ғылыми-практикалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларды туған өлкенің табиғи және тарихи-мәдени мұраларын зерттеуге бейімдеу, табиғатты қорғау мәселелеріне белсене атсалысуға ден қою, туған өлкенің табиғаты, мәдениеті мен тарихын зерттеу жұмыстары қызықтыратын жастарды қолдау және тәжірибе алмасу мақсатында өткізілуде.

Ғылыми оқуларға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан жалпы білім беретін мектептердің 10-11 класс оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының І-ІІ курс студенттерінен 66 қатысушы қатысады. Конференцияға қатысу барысында Отанымыздың бірегей табиғи және киелі жерлеріне арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын (жобаларын) қорғайды. Ғылыми оқулардың ашылу салтанатында Жұбанов университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров сөз сөйледі.

Ғылыми шара барысында туған өлкенің табиғаты мен қасиетті жерлері туралы зерттеу жұмыстары қорғалады.

Үздік жұмыстарды ұсынған қатысушылар 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Аудармашы А.Кунарова