Вторник, Март 31, 2020
Басты > Жаңалықтар > Республикалық әдістемелік семинарда қазақ сатирасын оқыту мәселелері талқыланды

Республикалық әдістемелік семинарда қазақ сатирасын оқыту мәселелері талқыланды

«Қазақ сатирасын оқыту әдістемесі» тақырыбындағы семинар бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Алпысбай Мусаевтың 70 жылдығына арналған «Қазақ әдебиеттану ғылымы: дәстүр және сабақтастық» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылды.  Семинарда қазақ сатирасындағы жаңашылдықтар, сатира поэтикасын оқытудың жаңа әдістері, қазақ сатириктерінің тілдік ерекшеліктері, сатиралық шығармалардағы лексиканың ұлттық сипаты, қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының қалыптасуы, сатиралық әңгімелерде фразеологизмдердің қолданылуы сынды қомақты мәселелер қарастырылды. Аталған тақырыптар бойынша мерей жас иесі, профессор Алпысбай Мусаев, филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Зинол-Ғабден Қабиұлы Бисенғали, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Бөкенбайұлы Сабыр, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жамал Айтқалиқызы Манкеева, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Әділет Дыбысұлы Қабылов, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ғабит Қайыржанұлы Хасанов баяндама жасады.

Семинар соңында барлық баяндамашыларға сертификаттар табысталды.

А.КУНАРОВА