Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Филфак командасы — ЖОО-аралық студенттік олимпиада жеңімпазы

Филфак командасы — ЖОО-аралық студенттік олимпиада жеңімпазы

2018 жылдың 9 қарашасында филология факультетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Филология: орыс филологиясы» мамандықтарының 1 және 2 курс студенттері Мәскеу қаласының туған күніне арналған І аймақтық жоғары оқу орындары арасындағы Олимпиаданың екінші турына қатысты. Олимпиада Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің базасында «Русский мир» қорымен ұйымдастырылды. Олимпиаданың бірінші (сырттай) туры 2018 жылдың қазан айында өтті және қатысуға ниет білдірген барлық студенттерді қамтыды. Бірінші кезеңнің шарттарына: «Мен орыс тілін не үшін үйрендім…» тақырыбында эссе жазу және орыс тілі бойынша тест тапсырмаларын орындау кірді.

Бірінші турдың қорытындысы бойынша 15 студенттің олимпиадаға қатысушы сертификатымен марапатталуы олардың болашақ жеңіске деген сенімдерін нығайта түсті. 1-2 курс  білім алушылары үшін Олимпиадаға қатысу өздерінің шығармашылық мүмкіндіктері мен білімдерін осы тектес конкурстарда көрсетуге тамаша мүмкіндік болды. Үздік 8 жұмысты олимпиаданың ұйымдастыру комитеті ерекше атап өтті және олардың авторларына екінші (күндізгі) кезеңге жолдама берілді. Олар Қ.Жұбанов атындағы АМӨУ филология факультетінің тобын құрды.

 «Москва златоглавая» тобы әділқазылар алқасына ерекше ұнаған әдеби-музыкалық композициясын дайындады.

Екінші кезең топтық болып өтті, дегенмен  табысқа жету әрбір ойыншыға байланысты еді. Тапсырмалар студенттердің сөз байлығын анықтауға бағытталды. Осы мақсатта өте сирек қолданылатын фразеологизмдердің этимологиясына мән беру ұсынылды. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті тобының үйлесімді жұмысы берілген сұрақтарға жылдам жауап беруге септігін тигізді.

Байқау бағдарламасы студенттерді лауреаттық дипломдармен марапаттау рәсімімен  аяқталды.

Татьяна КОРОБКОВА