Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Доцент Меруерт Ерекешова — педагогикалық шеберлік республикалық байқауының жеңімпазы

Доцент Меруерт Ерекешова — педагогикалық шеберлік республикалық байқауының жеңімпазы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Төртінші индустриалды революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының ережелерін және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2012-2020 жылдарға арналган мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «БІЛІМ-ОБРАЗОВАНИЕ-EDUCATION» республикалық ғылыми-педагогикалық орталығы 2018 жылдың қазан айының 23-29 аралығында еліміздің барша жалпы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар арасында ІІІ республикалық қашықтық педагогикалық «Үздік сабақ жоспары» байқауын ұйымдастырған болатын.

Байқау Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің педагогтарының шығармашылық мүмкіндіктерін және біліктілік деңгейін жоғарылатуға арналған практикалық бағдарлама болып табылады және педагогтардың шығармашылық қызметін дамытуға, педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға, ұйымдардың тиімді жұмыс тәжірибесін таратуға, инновациялық технологиялары мен ғылыми-әдістемелік жұмыстарын қолдауға бағытталған.

Байқаудың мақсат-міндеті: педагог-қызметкерлердің шығармашылық қызметін дамыту; олардың кәсіби шеберлігін арттыр; ұйымдардың тиімді жұмыс тәжірибесін тарату; инновациялық технологиялары мен ғылыми-әдістемелік жұмыстарын қолдау; мұғалімдер арасында оқу барысындағы ең үздік педагогикалық идеясын анықтау; білім берудің өзекті мәселелерін шешудегі үздік тәжирибесін көрсету және тарату; білім беру аясында жеткен инновациялық жетістіктерін тәжирибеге енгізу және ынталандыру.

Байқауға қатысушы педагогтар шеберліктерін айғақтайтын жұмыстарын электрондық пошта арқылы жіберуге мүмкіндік алды.

Конкурс қорытындысы бойынша ЖОО мен ООО педагогтары арасындағы «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломымен «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының доценті Ерекешева Меруерт Мыңтұрғанқызы марапатталды.

Капарова Ляззат, Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы