Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Университет пікірсайысшылары турнир жеңімпаздары

Университет пікірсайысшылары турнир жеңімпаздары

Өткен сенбі күні Жұбанов университетінің жанынан құрылған «Ритор» зияткерлік пікірталас клубының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» ауыспалы кубогіне арналған «Ел болашағы – Жастар» тақырыбында облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирдің басты мақсаты: әр аймақтың жеңімпаз пікірсайысшыларын анықтау, бір ортаға жинақтау, тәжірибе алмасу, республика үздігін анықтау, патриоттық тәрбие беру, саналы ұрпақ қалыптастыру. Жарысқа 50-ге жуық пікірсайысшы жастар қатысты. Турнир нәтижесі бойынша: I-орынды Жұбанов университетінің  «Экономика және құқық» факультетінің 2-курс студенті Таңшолпан Серікқалиқызы иеленді. Сондай-ақ, «Үздік фракция» номинациясын «Тарих» факультетінің 2-курс студенттері Мейірболат Шаңдыбай және Абай Аманқос жеңіп алды.

Жеңімпаз пікірсайысшылар аталмыш турнирді өткізуге ықпал еткені үшін университет ректоры Ердембеков Бауыржан Аманкелдіұлы мен «Жас Отан» ЖҚ АОФ төрағасы Асылжан Бүркіталинге алғыстарын жеткізді.

Нұрлан Құдайбергенов,
«Ритор» зияткерлік пікірталас клубының жетекшісі