Среда, Декабрь 13, 2017
Басты > Білім > 2017 жылғы Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі

2017 жылғы Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі

ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында 2017 жылғы Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Толық тізімді мына сілтемеден көруге болады.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде гранттарды тағайындайтын республикалық комиссияның жұмысын қорытындыланды. Ұлттық тестілеу орталығының сайтында testcenter.kz мемлекеттік білім грантын иеленушілердің қорытындысы жарияланды. Грант бойынша қорытынды «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттеріне 14 тамызда жарияланатын болады. Еске сала кетсек, осы жылы жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 37 932 грантқа дейін жеткізілген. Оның ішінде, 35 082 грант 1 курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша — 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша — 300 грант), 2850 орын — жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді. Аталған басымдықтарды ескере отырып, техникалық ғылымдар мен технологиялық мамандықтарға 13 670 грант, педагогикалық мамандықтарға 8 235 грант, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық мамандықтарға 2 682 грант, медициналық мамандықтарға 3 150 грант және т.б. қарастырылды. Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілген жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілген. Білім грантын тағайындау конкурсына 63 169 адам қатысуда, оның ішінде 49 858 адам  — қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 13 311 адам — орыс тіліндегі оқу бөліміне тапсырған.

inform.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *