Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Білім > Білім гранттарын тағайындауда конкурс жоғары болған мамандықтар белгілі болды

Білім гранттарын тағайындауда конкурс жоғары болған мамандықтар белгілі болды

2017 жылдың білім гранттарын тағайындауда конкурс жоғары болған мамандықтар анықталды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Конкурс нәтижесінде жоғары шекті балл тіркелген мамандықтар анықталды. Атап айтқанда қоғамдық денсаулық сақтауға шекті балл 129-ды, фармацевтке 130, стоматологияға 131, педиатрияға 126, жалпы медицинаға 128, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі 125, логистика 128, мемлекеттік аудит 126, халықаралық қатынастар 126, әлем экономикасы 125, қаржы 124 баллды құрады», — деді ол. Оның айтуынша, органикалық емес және органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығына түсуге, 50 ағаш өңдеу технологиясына 50, қысыммен материалдарды өңдеу технологиясына 50 баллды ғана құраған. «ҰБТ мен кешенді тестілеу қорытындысында 95 595 адам межелік деңгейден өте алды.  63 169 адам білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Оның ішінде 49 858 адам қазақ тілінде білім алуға, 13 мың адам орыс тілінде өтініш жасады. Конкурсқа 4 435 алтын белгі иегері, 1 147 жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жарыстар мен спорттық сайыстардың жеңімпаздары қатысты», — деді Р.Әлімқұлов.

inform.kz