Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Елбасы кітапханасының көшпелі қоры көрмесі – Ақтөбеде

Елбасы кітапханасының көшпелі қоры көрмесі – Ақтөбеде

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбековтің Ақтөбеге сапары облыстық тарихи-өлкетану мұражайының пайдалануға берілуімен тұспа-тұс келді. Сондай-ақ жаңа музейде «Н.Назарбаев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» атты көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты жиында М.Қа­сымбеков Елбасы кітапха­на­сының көшпелі қоры көрмесі жобасы 2017 жылы қыркүйек айында тәуелсіздігіміздің алтын бесігі Алматыдан бас­тау алғанын атап өтті. Жоба өз қыз­метін биылғы ақпан айында Түркістан облысында жалғастырды. Ал өткен қыр­күйек айында басталған көшпелі қор көрмесі Атырау облы­сында үлкен табыспен өткі­зілді. Тұтастай алғанда аз уақыт­тың ішінде көрмені 350 мыңнан астам адам тамашалаған екен.

Енді міне, көшпелі қор көр­месімен танысу мүмкіндігінің кезегі ақтөбеліктер мен өркенді өңір қонақтарына келіп отыр.

Көрменің басты мақсаты – кітапхана жинақтары негізінде Тұңғыш Президенттің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы тарихи рөлін жан-жақты зерде­леп көрсету. Көрерменнің н­аза­ры­на ұсынылған Елбасы кітапха­насының архив, кітапхана және музей қорының материалдары көшпелі қор көрмесін одан әрі байыта түскені айқын көрінеді.

Ал тұңғыш Президенттің қыз­меті мен өміріне қатысты кей­бір кәдесыйлар мен жәді­гер­лер, экспонаттар, жоғары мемлекеттік наградалар, мемлекеттер басшылары тарту еткен кітаптар, Н.Назарбаевтың шетел тілдеріне аударылған еңбектері Ақтөбе жұртшылығына алғаш рет ұсынылып отыр. Сондай-ақ жоба аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинар-тренингі­лер, дөңгелек үстелдер және «Ашық кеңістік» форматындағы интерактивті сұхбаттар ұйым­дас­тырылды. Көрме бойынша шолу және тақырыптық экскурсиялар, Елбасы  кітапханасының қызметі тәжірибесінде «Жәді­герлер сөйлейді» топтамасынан көшпелі дәрістер мен музей сабақтары өткізілді. Іс-шаралар  көрмеге келушілердің үлкен қызығушылығын туғызды.

Көрме «Елбасы жолы», «Ел­­басы феномені», «Әлем таны­ған Елбасы» және «Елбасы мәр­тебесі – ел мәртебесі» атты төрт бөлім­нен тұрады. «Н.Назар­баев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» жоба­сының Ақтө­беге келуі өңір өміріндегі елеулі оқиға болғаны анық. Көшпелі қор көрмесі мен облыстық тари­хи-өлкетану мұражайының ашылу рәсімі кезінде Ақтөбе об­лысының әкімі Бердібек Сапар­баев сөз тиегін осы арнадан сабақтады.

Музей құрылысының баста­луына өткен жылы Руха­ни жаң­ғыру аясында қолға алын­ған «Туған жер» бағдарламасы қоз­ғау салды. Жобаның жалпы құ­ны 650 миллион теңге болса, оның үштен бірін осы өңірдің ту­масы – кәсіпкер Исламбек Сал­жанов бөлген. Іргетасы осыдан 80 жыл бұрын қаланған ескі мұ­ражай ғимаратының тозығы әбден жетіп, апаттық жағдайда тұрған еді. Мұндағы құнды жәді­герлер мен экспозицияларды орын жетіспеуіне байланыс­ты шаң басып қалғаны да жасырын емес. Мұражай қорында 110 мыңдай жәдігер бар.

Жоба аясында Махмұд Қа­сымбеков Қ.Жұбанов атын­дағы Ақтөбе өңірлік мемле­кеттік уни­вер­ситетінің студент­терімен және профессорлық-оқы­ту­шы­­­лық құ­раммен кездесіп, Ел­­ба­сы кітап­ханасы атынан кі­тап­­тар топтамасын сыйға тарт­ты. Сонымен бірге Елбасы кітап­­тары мен жинақтарының құн­ды­лығы мен ерекшелігі туралы баяндап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. «Н.Назарбаев: Дәуір, Тұл­ға, Қоғам» көрмесі Ақтөбе айма­ғын­да алдағы ақпан айына дейін жалғасады.

Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» АҚТӨБЕ

https://egemen.kz/article/177807-elbasy-kitapkhanasynynh-koeshpeli-qory-koermesi-aqtoebede