Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > pressa (Страница 117)

Референдумда белсенді болуға шақырды

Бүгін Amanat партиясы Ақтөбе қалалық филиалының атқарушы хатшысы Әсел Сарманова және «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының директоры Нұргүл Әбішева Жұбанов университетінің департамент қызметкерлерімен кездесті. Мақсат — ел Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу үшін өткізілетін республикалық референдум жайлы толық ақпарат беру. Кездесуде Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер талқыланды. Amanat партиясының өкілі Әсел Сарманова

Көбірек

Тағы бір ғылыми жоба грантқа ие болды

Жұбанов университетінің оқытушысы Ботагөз Керімбаева Білім және ғылым министрлігінің ғылыми жобаларға арналған грантын жеңіп алды. Жас ғалымдарға арналған конкурста PhD, қауымдастырылған профессор Ботагөз Керімбаеваның «Болашақ мұғалімнің желілік коммуникативті мәдениеті – жасөспірімдердің цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың кілті» атты ғылыми жобасы қаржыландыруға ие болды. Қазіргі таңда Жұбанов университетінде Білім және ғылым министрлігінің қаржыландыруымен 10 гранттық

Көбірек

Ел жақсылықтан үмітті

Сейсенбі күні республикалық референдумды түсіндіру мақсатында келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бауыржан Қаниев пен Мұхтар Жұмағазиев Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті педагогика факультетінің  профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті. Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева қатысты. Басқосуда Мәжіліс депутаттары жалпыхалықтық референ­дум­­­ның маңызына тоқталып, оқытушыларға дауыс беру­дің ере­желері мен шартта­рын түсіндірді. Сондай-ақ Конституциялық реформа азаматтардың

Көбірек

Ардагер ұстазға құрмет көрсетілді

Бүгін Жұбанов университетінде «Қазіргі бастауыш мектепте оқу мен еңбек әрекеті: әдіснамасы және технологиясы» тақырыбында аймақтық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Ғылыми іс-шара бірегей ғалым  педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Сембай Қаңтарбайдың 80 жасқа толған мерейтойына орай ұйымдастырылды. Ардагер ұстаз еңбек жолында Ойыл  аудандық оқу бөлімінің инспекторы, мектеп мұғалімі, «Білім» қоғамының жауапты хатшысы, Ақтөбе педагогикалық училищесінің

Көбірек

Математик ғалымдар Жұбанов университетінде бас қосты

Бүгін Жұбанов университетінде «Дифференциалдық теңдеулер, ана-лиз және алгебра мәселелері» тақырыбында кезекті халықаралық ғылыми конференция басталды. Бұл - математик ғалымдардың біздің университетімізде тоғызыншы рет басқосуы. Ең алғаш рет аталған конференция оқу орнында 1996 жылы өткізілген болатын. Конференцияда Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Кырғызстан, Украина, Ресей елдерінің және Алматы, Нұр-Сұлтан, Түркістан, Атырау, Орал, Семей т.б.

Көбірек

Оқытушыларға референдум маңызы түсіндірілді

Сенаторлар Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушылар құрамымен кездесті. Олар Президент ұсынған конституциялық реформалардың негізгі бағыттарымен таныстырды. Сондай-ақ депутаттар Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдумның тарихи маңыздылығын атап өтті.   /aktobetv.kz/  

Көбірек

Жұбанов университеті батыс өңірдегі IT хабқа айналады

Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркі мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде болды. Ол университет жанындағы технопарктің қызметімен танысып, өңірдің IT қауымдастығымен және студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында министрлік, ведомствоға

Көбірек

Жұбанов университеті батыс өңірдегі IT хабқа айналады

Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркі мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде болды. Ол университет жанындағы технопарктің қызметімен танысып, өңірдің IT қауымдастығымен және студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында министрлік, ведомствоға қарасты ұйымдар,

Көбірек

Облыстық референдум тобының мүшелері белсенді жастармен кездесті

Бүгін Жұбанов университетінде облыстық референдум тобының мүшелері Студенттік Парламент құрамымен кездесті. Кездесу барысында референдумды өткізудің тәртібі мен міндеттері, конституциялық реформаның бағыттары, мемлекеттік жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар туралы айтылды. Басқосуға қатысқан университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Есбол Мұханбетқалиев жастарға референдумға атсалысу жаңа өмірге қадам жасайтын маңызды сәт екенін атап өтті. Өз

Көбірек