Понедельник, Декабрь 10, 2018
Басты > Жаңалықтар (Страница 118)

Әдебиетші Әлия Ұлықпанова қазақстандық ұстаздар алдында шешендік шеберлігімен бөлісті

Ол «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен "Тіл мәдениетін дамытудағы шешендік шеберліктің рөлі" тақырыбында шеберлік класын өткізді. Гуманитарлық ғылымдар магистрі Әлия Ұлықпанова шешендік өнер тақырыбын көп жылдардан бері зерттеп келеді. Сондықтан ол үшін тіл мəдениетін дамытудағы шешендік шеберліктің орны, шешендік  қасиетті қалыптастырушы компоненттер,  мəнерлеп оқу мен оқыту туралы тақырыптар етене

Көбірек

Университет оқытушылары кәсіпкерлік білім алып, ағылшын тілін үйреніп шықты

Осындай мүмкіндікті жасаған Халықаралық бизнес академиясы (ALMA university ) университеттің 27 оқытушысына кәсіпкерлік білім алғанын, 44 оқытушыға ағылшын тілі курсын Elementary, Pre-Intermediate және Intermediate деңгейлері бойынша аяқтағанын растайтын сертификаттар табыстады. Шараны университеттің «Халықаралық ынтымақтастық» орталығы ұйымдастырды. Халықаралық бизнес академиясы Қазақстандағы нарықтық экономиканың дамуына білікті кадрлар дайындау арқылы үлес қосып келе жатқан

Көбірек

Университеттің ардагер түлектері ректормен кездесті

Бүгін университет ректоры, профессор Бауыржан Аманкелдіұлы ардагерлермен кездесті. Олардың қатарында филология ғылымдарының докторы, профессор Баян Бораш, ардагер-ұстаздар Кангерей Дүйсенбаев, Қуан Қамалхан, мұнайшы-ардагер Өтеміс Әкімовтер бар. Университет басшылығы ардагерлерді жылы қарсы алды. Университет ректоры Бауыржан Аманкелдіұлы: «Біздің университет Нұрпейіс Байғанин атындағы педагогикалық институт болып тұрған кезде осы жерде оқып, оқуды тәмамдаған екенсіздер. Университет

Көбірек

Қаржыгерлер сақтандыру нарығының шетелдік тәжірибесімен бөлісті

Кеше «Қаржы және есеп» кафедрасы «Ұлттық валюта – теңге» күніне орай ұйымдастырылған шаралардың бірі «Сақтандыру нарығының шетелдік тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараға дөңгелек үстелдің қонақтары    «Нұр полис» СК АҚ АФ-ның жетекші маманы С.С.Тайлыбекова мен  «Фортуна инвест» АҚ-ның қаржылық кеңесшісі Н.М.Жасбулганова қатысты. Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты - Қазақстандағы және шетел нарығындағы

Көбірек

Магистранттар шетелдік ғылыми тәжірибеден оралды

«Филология» мамандығының 2-курс магистранттары - Аяжан Бексұлтанова және Іңкәр Садықова 29 қазан мен 5 қараша аралығында Башқұртстан мемлекеттік университетінде ғылыми тәжірибеден өтіп, елге оралды. Жас зерттеушілер сапарларына риза көңілмен, әсерлерімен бөлісті. «Алғашқы күні башқұрт филологиясы мен журналистика факультеті деканының орынбасары Ирена Кульсаринамен танысып, апталық жоспар құрдық. Кейін оқу орнының кітапханаларын аралап,

Көбірек

Педагогикадағы заманауи технологиялар жайлы жаңа оқулық

Жуырда профессор Айслу Тасимованың «Заманауи оқыту технологиясы» оқулығының тұсаукесер рәсімі өтті. Тұсаукесер рәсіміне педагогика факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, студенттер бас қосты. Алдымен оқулық авторы сөз алып, жаңа инновациялық оқыту әдістері жазылған кітаптың жазылуы себебіне, аталмыш еңбекте қандай әдістер жайында жазылғандығына тоқталды. Сарапшылардың оң бағасын алып отырған бұл оқулық әсіресе сабақ барысында ақпараттық

Көбірек

Әдістемелік апталық басталды

Кәсіби-шығармашылық факультетінде әдістемелік апталық «Студенттердің өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру – сапалы білім кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен басталды. Кіріспе сөз сөйлеген факультет деканы Сабыржан Мұхтаров білім сапасын жақсарту, кәсіби педагог кадрларды дайындау үшін оқыту тәжірибесімен бөлісіп, біліктілікті жетілдіріп отырудың маңыздылығы зор екендігін айтып өтті. Әдістемелік апталықты өткізудегі мақсат – студенттердің өзіндік жұмыс

Көбірек

Қазақстанның қаржы жүйесі және заманауи банктік технологиялар

Осындай тақырыппен экономика және құқық факультетінде «Қаржы және есеп» кафедрасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты қаржылық қызметтер нарығының ағымдағы жағдайын баяндау және қаржылық институттар мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің арасындағы серіктестікті нығайтуға арналды. Аталмыш шараға «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» АФ ММ директоры П.Ш.Асимбетова, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» АФ

Көбірек

Шетел тілдері факультетінің студенттері облыстық пікірсайыс турнирінде топ жарды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих факультеті корпусы базасында Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласына орай Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Жер – су, көше аттары – елдіктің айнасы» тақырыбында облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Пікірсайысқа университет пен колледж студенттері қатысты. Бас ұйымдастырушы – өңірлік біліктілікті арттыру орталығының директоры Имжарова Зауреш

Көбірек

Жұбанов университеті студенттері криминалистикалық білімнен жоғары нәтиже көрсетті

Болашақ құқықтанушылар, 4-курс студенттері Елена Ловрушко, Дайана Асылхан, Исламбек Максатов, Саламат Максутов, Айдана Амангельдиева  ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Республикалық жоғары оқу орындары, ҚР ІІМ арнайы оқу орындарының курсанттары және жоғары оқу орындарының заң факультеті студенттерінің арасында криминалистика пәнінен өткен зияткерлік олимпиадаға қатысып, жүлделі III орын иеленді. Олимпиадада Ақтөбе,

Көбірек