Пятница, Март 29, 2024
Басты > pressa (Страница 168)

Ақтөбелік ғалым зерттеулері әлемдік басылымда жарық көрді

Жақында Жұбанов университетінің профессоры Дәулет Сергеевтің зерттеулері жетекші "Advances in Nano Research" (Нанозерттеулер саласындағы жетістіктер) ғылыми журналында жарияланды. Оңтүстік Корея басылымы ғылыми ортадағы ең жоғары рейтингке ие. "Материалдардың радиациялық физикасы" орталығының жетекшісі, профессор Қуанышбек Шүңкеев: «Бүгінгі таңда бұл Қазақстанның ғылым саласындағы ең жоғары көрсеткіш. Мұндай ғылыми басылымдар орташа зерттеулерді қабылдамайды. Олар

Көбірек

Ғалымдар Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұраларын талқылады

Бүгін  Жұбанов университетінде  Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсаринннің педагогикалық мұралары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция оқу орнының басшылығының,  белгілі ғалымдар мен педагогика факультетінің профессор-оқытушыларының қатысуымен  онлайн форматта өтті. Конференцияны Басқарма мүшесі- академиялық мәселелер бойынша проректор Айнұр Сейітқан ашып,  қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. - Бүкіл өмірін ағартушылық-педагогтық қызметке арнаған Ыбырай Алтынсаринның мерейтойы Қазақстан

Көбірек

Табыскер студенттер

  Жұмыс істеу оқуға кесірін тигізбей ме? Сананы тұрмыс билеген қазіргі нарық заманында әр тиын қымбат және бұны балаға дейін біледі. Тиісінше еңбекке ерте араласқан ата-анасына жәрдемші жеткіншектер арамызда аз емес. Сол сияқты сабағы мен жұмысына қатар үлгеріп, ересектермен иық тірестіріп жүрген, яғни еңбек шартын жасасқан студенттер де баршылық. Соңғы аталғандар оқу

Көбірек

Сапалы білім — ел дамуының кепілі

Жайдарман ҒАНИБАЕВА, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті,  тарих және дінтану кафедрасының аға оқытушысы,  тарих ғылымдарының кандидаты. Биылғы Жолдаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол алдымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында  жарияланып отыр. Және еліміз тәуелсіздіктің жаңа төртінші онжылдығына аяқ басуда. Президент өз сөзінде: «Біз үшін ең маңыздысы — еліміздің әрбір азаматының тәуелсіздіктің игілігін сезіне алуы, ал

Көбірек

Елу жылдан кейінгі кездесу

Құдайберген Жұбанов атындағы университеттің осыдан елу жыл бұрын түлеп ұшқан түлектері бас қосты. Олар білім нәрін берген қара шаңыраққа жиналып, қызықты естеліктерімен бөлісті. Оқу орнын аралап, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Университет музейіне осы курстың 50 жылдық өмірінен сыр шертетін фотосуреттер, құжаттар көрмесі қойылған. Шарада университет ректоры Лаура Қарабасова түлектерді құттықтап, оларға

Көбірек

Қаламгерлер қауышуы

Ақтөбеде «Әдебиет. Рух. Қоғам» әдеби форумы болды. Осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан форум жұмысына Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ақындар Бауыржан Жақып, Елена Әбдіхалықова, жазушы Мереке Құлкенов, композитор Қалдыбек Құрманәлі, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мен өңірдегі әдебиетсүйер қауым қатысты. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өткен жиынның ашылу

Көбірек

Заңсыз ойын бизнесімен күрес

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті «Заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрес және құқықбұзушылық түрлерінің алдын алу» тақырыбында кездесулер апталығын ұйымдастырды. Экономика және құқық факультетінің оқытушылары студенттерге ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жауапкершілік шаралары туралы, құмар ойындарының салдары жөнінде сөз қозғалды. Кездесулер барысында отандық режиссер Қанат Бейсекеевтің "Легкие деньги/Ставки/Капперы/Блогеры/Пирамиды" тақырыбындағы деректі

Көбірек

Жас суретшінің сырлы әлемі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Студенттер сарайында жас суретші Айя Спамбетованың жеке көрмесі өтті. Кәсіби-шығармашылық факультетінің талантты студентінің жұмыстарын бұрын ақтөбеліктер Жастар жылына арналған экспозицияда тамашалаған еді. Ал бұл жолғы «Шабыт» көрмесінде кино кейіпкерлері мен шоу-бизнес жұлдыздарының  70-тен астам портреті ұсынылды. Ерекше талант иесі адамдардың бейнесін айнытпай қағаз бетіне түсірген. Көрмеге

Көбірек

Жұбанов университеті ІІІ Нобель фестиваліне қатысады

Еліміздің ғылыми-білім беру әлеуетін дамыту мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы, G-Global Халықаралық хатшылығы және Инклюзивті даму қоры 26-29 қазан аралығында III Nobel Fest өткізеді. Фестиваль Дүниежүзілік Ғылым күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде Жұбанов университеті екінші рет Нобель фестиваліне қатысқалы отыр. III Нобель фестивалінің аясында оқытушылар, студенттер

Көбірек