Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > pressa (Страница 2)

Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал азамат, табысты қоғам

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал азамат, табысты қоғам» тақырыбында диалог алаңы өтті. Диалог алаңына университет ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс»  атты үшінші отырысындағы идеяларын талқылау үшін бас қосты. Университет ректоры Лаура Қарабасова Ұлттық  құрылтайда айтылған ойлар мен жоспарларды іс-әрекет жоспарына айналдыру

Көбірек

Жас ғалымдар тәжірибе алмасты

Бүгін Жұбанов университетінде жас ғалымдар, PhD докторанттар, магистранттар мен студенттерге арналған «Жастар, ғылым және инновация» тақырыбында XX халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жиында жоғары оқу орындарының жас ізденушілері бас қосты. Университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту, оларды заманауи ғылымның маңызды мәселелерін

Көбірек

11-12 сынып оқушыларына арналған «Zhubanov university олимпиадасы» өтті

Олимпиадаға еліміздің әр аймақтарынан және Ақтөбе қаласы мен аудандарынан 3000-ға жуық оқушы қатысты. Олимпиадаға қатысушылар математика-физика, математика-информатика, математика-география, биология-география, химия-биология, дүниежүзі тарихы-география, дүниежүзі тарихы-шетел тілі, дүниежүзі тарихы-құқық негіздері, қазақ тілі-қазақ әдебиеті,орыс тілі-орыс әдебиеті,география-шетел тілі, музыкалық білім, хореография, мәдени-тынығу жұмысы бағыттары бойынша бақтарын сынады. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар бейіндік пәндер

Көбірек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті Кеңес мүшелері! Алдымен, баршаңызды Ғылым күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер арқылы Қазақстан ғалымдарына жылы лебізімді жеткізгім келеді. Шын мәнінде, бүгінгі мерекелік күн – қоғамымыздағы ерекше сәт, себебі бұл күн ғұлама ғалым, заңғар тұлға Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Дәл бүгін академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толды. Біз ұлы Абайды

Көбірек

Диалог алаңында ұлттық құрылтай мәселелері талқыланды

Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал азамат, табысты қоғам. Осындай атаумен Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университетте диалог алаңы өтті. Оқу орнының оқытушылары мен өңір депутаттары Ұлттық құрылтайдың 3-ші отырысында айтылған өзекті мәселерді талқылады. Толығырақ, тілші бейнематериалында //aktobetv.kz

Көбірек

Танымал өнертанушылар студенттерге қонақ дәрісін оқыды

Бүгін Жұбанов университетінде өнер саласының майталмандары бас қосты. Олардың қатарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Дирижерлау» кафедрасының меңгерушісі, профессор Базарғали Жаманбаев, А.В.Нежданов атындағы Одесса ұлттық музыкалық академиясының профессоры Галина Шпак, Даугавпилс музыкалық колледжінің хор класының жетекшісі, дирижер Евгений Устинков, Аньян педагогикалық университетінің құрметті профессоры, доцент Инесса Бодяко, М.Магомаев атындағы мемлекеттік академиялық

Көбірек

АҚШ профессоры қонақ дәрісін өткізді

Жұбанов университетінің профессор-оқытушылары мен білім алушыларына ғылым айы аясында АҚШ профессоры, доктор Стивен Прат «Қазақстанда ауыл туризмін дамыту» тақырыбында онлайн қонақ дәрісін өткізді. Доктор Стивен Пратт - Орталық Флорида Университетінің Rosen College of Hospitality Management колледжінің туристік іс-шаралары мен көрікті орындары кафедрасының профессоры. Танымал “The Travel Professors” YouTube арнасын жасаушылардың бірі. Дәріс

Көбірек

Ұлы ақынның өнегелі өмірі насихатталды

Бүгін Жұбанов университетінде қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші әрі композитор Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай «Алатаудың ақиығы» тақырыбында конференция өтті. Жиынға ақынның ұрпақтары, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, опера әншісі Сүндет Байғожин, халықаралық конкурстардың лауреаты талантты жас әнші Ержан Максим, Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжайна Бисенгалиева, университеттің профессор-оқытушылары

Көбірек

Жыл үздіктері

Ағымдағы жылдың 1-наурызында 2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің үздік ғылыми қызметкелері мен оқытушылары марапатталды. Марапаттау рәсімі Түркістан қаласында өткізілді. Іс-шарада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеңімпаздарды құттықтап сөз сөйледі. -Көктемнің алғашқы күні, әрі Алғыс айту мерекесінде Қазақстанның білім және ғылым саласын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айту мақсатында сіздерді

Көбірек