Пятница, Март 29, 2024
Басты > Ел жаңалықтары (Страница 2)

TikTok ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ЖОО оқытушыларына арналған байқауды бастайды

TikTok платформасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрліктерінің қолдауымен #Қазақстанмұғалімдері байқауын қайта бастайды. TikTok өткен жылы сәтті басталған жобаның аясын кеңейтіп отырғандықтан, енді байқауға мектеп мұғалімдерімен қатар, колледждер мен жоғары білім беретін мекемелердің де оқытушылары қатыса алады. Байқауға қатысу үшін олар платформада өз пәндері туралы

Көбірек

Мыңнан астам білім алушы Президенттік стипендияға ие болды

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бұйрығымен 2023 жылы Президенттік стипендия еліміздің 55 жоғары оқу орнында 1005 студент пен 7 магистрантқа тағайындалды. Бакалавр студенттері үшін Президенттік стипендия мөлшері – 73 320 теңге, магистранттар үшін – 173 974 теңге. ҚР Президенті стипендиясының мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін

Көбірек

25 қазанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркелу және докторантураға түсу емтихандарына құжаттарды қабылдау басталады

25 қазанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау және докторантураға түсу емтихандарына құжаттарды қабылдау басталады. Тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында өтеді. КТ-ға тіркелу 2023 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады. Тестілеудің өзі қараша-желтоқсан айларында өтеді. Өтініш беру кезінде түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды. Үміткерлер өтініштерді қабылдау

Көбірек

Магистратураға гранттар тізімі

Магистранттарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жарияланды.  Тізімді www.testcenter.kz сайтының «Жаңалықтар» бөлімінен жүктей аласыздар.  Баршаңызға сәттілік тілейміз! /gylym.jogarybilim/

Көбірек

Докторантураға түсушілердің назарына!

Докторанттарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жарияланды. Тізімді www.testcenter.kz сайтының «Жаңалықтар» бөлімінен жүктей аласыздар. Ақпаратпен мұқият танысуларыңызды сұраймыз! /gylym.jogarybilim/

Көбірек

Бос білім гранттары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жазғы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос гранттарды тағайындау жұмыстарын аяқтады. Республикалық конкурс комиссиясының отырысы өтті. Гранттардың басым көпшілігі педагогикалық және инженерлік ғылымдар, сонымен қатар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» салаларына бөлінді. Комиссия шешімімен 4000-нан астам талапкер мемлекеттік білім грантының

Көбірек

ҰБТ-ға тағы да өзгерістер енгізілді

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Қайырлы күн, біздің болашақ студенттер және олардың ата-аналары! Бүгін сіздермен 2024 жылғы ҰБТ жаңалықтарын бөліскім келеді. Былтыр уәде бергеніміздей, емтиханның форматындағы барлық өзгеріс жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі. Жоғары білімді

Көбірек

Қазақстандық студенттер Amazon жобасына қатыса алады

Қазақстандық студенттер Amazon Development Center U. S. меморандумы аясында Amazon OpenSearch жобасына қатыса алады. Жобаға қатысушылар Amazon инженерлерімен жұмыс істейді және оған тікелей үлес қоса отырып, портфолиосы мен дағдыларын кеңейтеді. Оқыту онлайн форматта 10 аптаға есептелген. OpenSearch жобасы қатысушыларға қолайлы және инклюзивті ортада тәжірибелі инженерлерден тәлімгерлік алуға мүмкіндік беретін «Aerial Balloon

Көбірек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады. Жолдаудан тікелей эфир сағат 11:00-де республикалық телеарналарда,

Көбірек