Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Құттықтаулар (Страница 2)

Динара Аяпова — Әлем чемпионатының жүлдегері

Албанияда 20-25 қараша аралығында жастар мен ересектер арасындағы аралас жекпе-жектен Әлем чемпионаты өтті. Тиранға әлемнің 49 елінен 550-ден астам спортшы, оның ішінде Қазақстан атынан 40-қа жуық спортшы қатысты. Чемпионатта Жұбанов университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті Динара Аяпова жүлделі екінші орынды иеленді. Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Көбірек

Университеттің үш ғалымы қауымдастырылған профессор атанды

Жұбанов университеті үшін бүгінгі күн қуанышты жаңалықтарға толы болды. Оқу орнының үш бірдей ғалымына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен қауымдастырылған профессор(доцент) ғылыми атағы берілді. Атап айтсақ, техника ғылымдарының кандидаты, "Көлік техникасы, тасымалды ұйымдастыру және құрылыс" кафедрасының доценті Мұрат Қуанышевке

Көбірек

Қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді

Университет ғалымдарының қатары тағы бір профессормен толықты. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен  физика-математика ғылымдарының кандидаты Әділжан Өтесовке математика ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор(доцент) ғылыми атағы берілді. Әділжан Өтесов Жұбанов университетінде 20 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді. Әл - Фараби

Көбірек

Филиппинде өткен Азия чемпионатынан жүлдемен оралды

Жұбанов университетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы Молдабай Байтурин Филиппин елінде өткен Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, ядро итеруден және найза лақтырудан бірінші орынды, диск лақтырудан үшінші орынды иеленді. Университет спортшысын жетістігімен құттықтаймыз!

Көбірек

Жұбанов студенті әлем чемпионы атанды

Латвияның Даугавпилс қаласында комбат джиу-джитсудан өткен ХІІ Әлем чемпионатында Жұбанов университетінің студенті жеңіске жетіп, Әлем чемпионы атанды. Дидар Әби "Физика-информатика" мамандығының 4 курс студенті. Ол 2023 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. 2022 жылғы ҚР кубогының жеңімпазы. Дидарды жеңісімен құттықтап, жетістіктер тілейміз!

Көбірек

Айкөркем Бәйімбетова Республикалық шешендік өнер байқауында топ жарды

Жұбанов университеті филология факультетінің 1-курс студенті Айкөркем Бәйімбетова ІІ Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауына қатысып, жүлдемен оралды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдық мерейтойына орай өткен «Ділмар» шешендік өнер байқауы жастарды шешендік өнерге баулу, көшбасшылық қабілеті мен жан-жақты тұлғалық дамуын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. Ауқымды шараға еліміздің 14 жоғары оқу

Көбірек

Жұбанов студенттері Әлем чемпионатында топ жарды

Өткен апта Жұбанов университеті үшін жемісті болды. Университетіміздің студенттері Алишер Смайлов пен Гүлдана Амангелді Әлем Чемпионатында 1-орынға ие болды. Атап айтқанда, Қарағанды қаласында өткен Nomad MMA бойынша Әлем Чемпионатында Алишер Смайлов жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл чемпионатқа 20 елден 874 қатысушы қатысқан. Әлішер университетіміздің техникалық факультетінің «Тау-кен ісі» білім бағдарламасының 2-курс студенті. Ал

Көбірек

Университет спортшысы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

26-31 қазан аралығында Грузия елінің астанасы Тбилисиде Унифайттан Әлем чемпионаты өтті. Аталмыш додада Жұбанов университетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушысы Ерен Ерболұлы 55 кг салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басымдық танытып, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Спортшымызды жетістігімен құттықтаймыз!

Көбірек

Университет ғалымы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Республика күні мерекесі қарсаңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Бұйрығымен еліміздің экономикалық-әлеуметтік және рухани-мәдени дамуына зор үлес қосқаны үшін Жұбанов университетінің профессоры, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы Абат Шамұлы Пангереев “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды. 35 жылдан астам уақыт университетімізде қызмет етіп, филология ғылымының өркендеуіне зор үлес қосып,

Көбірек