Четверг, Июнь 4, 2020
Басты > 2017 > Сентябрь (Страница 2)

Рухани жаңғыру: алты бағыт және төрт кіші бағдарлама

«Туған жер» форумы аясында орталық мемлекеттік органдар, облыс әкімдіктерінің делегаттары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде орналасқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жасалған «Жобалық кеңсенің» жұмысымен танысты.   Біздің облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық комиссия құрылып, облыстың жұмыс жоспары жасақталды. Бекітілген жоспарға сәйкес сарапшылар кеңесі және әрбір бағыт бойынша

Көбірек

Ақтөбе: кеше, бүгін және ертең

Бүгінде облыс халқының 79 пайызы — қазақтар. Тұрғындардың 86,7 пайызы көгілдір отынды пайдаланып отыр. Қазақстанда өндірілетін металл қорытпасы өнімдерінің 22,1 пайызы Ақтөбе өңіріне тиесілі. Жалпы, облыста 70-тен аса минералды шикізат түрлері өндіріледі. Осы және басқа деректер Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында, республикалық «Туған жер» форумы аясында өткен «Ақтөбе:

Көбірек

Факультеттерде «Жас педагог» мектептері өз жұмыстарын бастады

Жұбанов Университетінде «Қосымша білім беру» орталығы және факультеттердің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінен бастап «Жас педагог» мектептері жаңадан құрылып, жұмыстарын бастады. «Жас педагог» мектептерін құрудағы мақсат - университеттің әдістемелік жүйесінің «Білім сапасын арттыру» бағдарламасы бойынша жүргізілетін жұмыстарына 1,2-курс студенттерін өз беттерінше ізденіп, кәсіби біліктілік дағдыларын қалыптастырып, дамытуға жұмылдыру. Аталмыш мектепті алғаш

Көбірек

Олимпиада чемпиондарымен кездесті

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған «Ақтөбе — құтты мекен» халықаралық форумы өтуде. Мұндай үлкен шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр, бұл шара - облыс басшылығының бастамасы. Аталмыш шара аясында Жұбанов Университеті де атсалысып,  «Ел мақтаныштары» атты олимпиада чемпиондарымен кездесу өткізді. Бүгін университеттің

Көбірек

Форум аясындағы конференция

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Туған жер» жобасы кең көлемде жүзеге асырылуда. Осыған орай, облыс көлемінде өткізілген «Ақтөбе – құтты мекен» халықаралық форумы аясында Жұбанов Университетінде «Ақтөбе: кеше, бүгін, ертең» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға әлемнің 20 елінде тұратын 200-ден астам ақтөбелік қонақтар арасынан 100-ге жуық өкілдер

Көбірек

Форум қонақтары Жұбанов Университетіндегі жаңа нысан Технопарк жұмысымен танысты

«Ақтөбе – құтты мекен» форумы аясында орталық мемлекеттік органдары мен облыс әкімдіктерінің делегаттары Жұбанов Университетіндегі жаңа нысан Технопаркке келіп, «Рухану жаңғыру» бағдарламасы бойынша жасалған «Жобалық кеңсе» және зертханалар жұмыстарымен танысты. Ақтөбе облысы ішкі саясат басқарма жетекшісі Елеусінова Бұлбұл Ораққызы қонақтарға «Рухани жаңғыру» Ақтөбе облысының жобалық кеңсесін таныстырып, жобалық кеңсенің қыркүйек айында

Көбірек

Университетіміздің 31 студенті Қытай Халық Республикасына оқуға жіберілді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Синьцзян қаржы экономикалық университеті 2012 жылдан бері білім және ғылым саласында бірлесе қызмет атқарып келеді. Серіктес жоғары оқу орны Синьцзян қаржы-экономикалық университеті – Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық аймағындағы алдыңғы орындағы жетекші университеттердің бірі. Халықаралық ынтымақтастық аясында университетіміздің техникалық, экономика және құқық, тарих, жаратылыстану, биология, шетел

Көбірек

Серпіндік жастар республикалық форумға қатысты

Ақтау қаласында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» мен  Маңғыстау облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасына қатысушы жастардың «Каспий серпін толқыны» атты республикалық форумы өткен болатын. Шара Ақтау қаласындағы «Хан-Шахар» салтанат сарайында өткізілді. Форумға Ақтөбе облысынан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен С.Бәйішов атындағы Ақтөбе университетінің

Көбірек

Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Сыртқы сарапшылар комиссиясының келуі күтілуде. Аккредиттеу рәсімі 2017 жылдың 4-6 қазан аралығында өтеді. Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін мамандықтар: 5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі 5В021000-Шетел филологиясы 5В042100-Дизайн 5В090200-Туризм 5В090100-Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен

Көбірек