Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > 2018 > Ноябрь (Страница 2)

Тағылымды сабақтастық

Конференция Сейсенбі күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің  ғимаратында облыс әкімдігі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және республикалық «Қаһармандар» қоғамдық қорының Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Мұстафа Шоқай аманаты және мұраттар сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп, қазақтың тұңғыш кәсіби скрипкашысы Әлім Алматқа арналған оқу кабинеті ашылды. Оған облыс әкімінің

Көбірек

Кәсіби бағдар беру жұмыстары қаладағы 37 және 19 орта мектептерінде жалғасты

№37 мектептегі түсіндіру жұмысы барысында Жұбанов университетінің  кәсіби бағдар беру орталығының басшысы  Жәмила Идиева университет пен мамандықтар туралы  бейнекөрсетілім көрсету арқылы жалпы ақпарат берді. Қызығушылықпен тыңдап, қойылған  сұрақтарға  белсенді жауап беріп отырған оқушыға университет футболкасын сыйға тартты. Оқушылардың  мамандық  таңдауға  байланысты ойын айқындау  мақсатындағы  «Мектепке  дейінгі және  арнаулы  білім» кафедрасының  аға оқытушысы Набат Исембаева  тренинг  өткізіп,  диагностика  жасады. Мектеп  оқушыларының  басым  көпшілігі таңдау  пәні  бойынша физика  және математика пәндерін таңдаған. №19 мектепте өткізілген кəсіби бағдар беру жұмысында

Көбірек

Қазақтың алғашқы скрипкашысы Әлім Алматтың атында оқу кабинеті ашылды

Ырғызда туған қазақтың алғашқы скрипкашысы Әлім Алматты қазақ жұрты соңғы жылдары ғана тани бастады. Өйткені ол 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, одан кейін елге оралмаған. Тағдырдың жазуымен музыкант Түркияда еңбек етіп, сол жақта тұраған. Биыл ақпан айында 101 жасында Стамбулда дүниеден озды. Қазірде бала-шағасы сол елде тұрады. Бүгінгі салтанатты

Көбірек

«Нәтижеге бағытталған көшбасшылық» тақырыбында өткен тренинг

Әдістемелік апталық аясында 5В050600-Экономика, 5В050700-Менеджмент, 5В050800-Есеп және аудит, 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының 2 курс студенттері үшін көшбасшылыққа арналған тренинг өткізілді. Шараның ұйымдастырушылары «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушылары Султамуратова Н.Б. және Тасмаганбетова С.Ж. Тренингте қонақ ретінде факультеттің ПОҚ қатысты: оқу ісі жөніндегі декан орынбасары Байшукурова Ж.Ж., факультеттің Әдістемелік кеңес

Көбірек

Тарих факультетінде зияткерлік сайыс өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында Жұбанов университеті тарих факультетініңі «Тарих және дінтану» кафедрасының 2-курс магистранттары мен «Тарих» мамандығының студенттері арасында «Білім беру: болашаққа бастар жол» тақырыбында зияткерлік сайыс өтті. Аталмыш шараға тарих факультетінің оқытушылары, магистранттары және студенттер қатысты. 5 кезеңнен тұратын сайыстың алғашқы кезеңі «Бәйге» деп аталды. 1-кезең барысында студенттер тарихпен

Көбірек

12 жас ғалым үшінші кезеңге өтті

Байқау Сенбі күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғимаратында республикалық «ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» атты жалпыұлттық байқаудың екінші кезеңі өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен, атап айтсақ, Алматы, Астана, Семей, Қызылорда, Маңғыстау, Орал, Атырау, Тараз қалаларынан жоғары оқу орындарының докторанттары, магистрлер, 35 жасқа дейінгі жас оқытушылар мен студенттер қатысты. Жалпыұлттық байқаудың екінші

Көбірек

Ынтымақтастық көпірі

Кеше  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемелекеттік университетінің Тарих, Физика-математика факультеттерінің ұйымдастыруымен «Оқыту үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану: әдістері мен тиімділігі» тақырыбында әдістемелік апталық аясында «Жаңартылған білім бағдарламасы: ЖОО мен орта білім беру орындарының ынтымақтастығы» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті. Семинардың пленарлық бөлімінде Семинар университеттің барлық факультеттері мен облыстық мамандандырылған

Көбірек

Университетте «Болашақ-Атырау» ЖШС бірлескен бос орындар жәрмеңкесі өтті

27 қараша күні Жұбанов университетінде «Болашақ-Атырау» ЖШС бірлескен бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шараны аталмыш компания өкілдері Жұбанов университеті Оқу процессін ұйымдастыру департаментіне қарасты оқу-әдістемелік бөліммен біргелікте ұйымдастырды. Жәрмеңкенің мақсаты – Батыс Қазақстан аумағындағы ірі өазаөстандық жобаларға мамандарды шақыру. Шараға келесі мамандықтардың бітіруші курс студенттері қатысты: 5В070400 - «Есептеуіш техника және бағдарламалық

Көбірек

Педагогика факультетінде әдістемелік семинар өтті

Жұбанов  университетінде 2018 жылдың 26 қарашасында басталған «Оқыту үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану: әдістері мен тиімділігі» тақырыбындағы әдістемелік апталық аясында «Мектепке дейінгі және арнаулы білім» кафедрасының филиалы «Қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультция» (ПМПК) базасында әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында аға оқытушы Раушан Дуйсенбаеваның басшылығымен «Дизартрия сөйлеу тілі кемшілігі бар балалармен өткізілетін жұмыстардың

Көбірек