Воскресенье, Декабрь 8, 2019
Басты > Құттықтаулар (Страница 22)

Металлургтер күнімен құттықтаймыз!

Металлург - ғасырлар бойы келе жатқан мамандық. Археологиялық қазбалар кезінде табылған заттар біздің заманға дейінгі бесінші – алтыншы мыңжылдықта адамзаттың металды өңдеуді үйренгеніне куә. Көне заманда адамзаттың үш ғасыры туралы түсінік пайда болған, олар: тас, қола және темір дәуірлері – бұл металдардың қоғамның дамуына қаншалықты маңызды екенін және металлургиялық өнердің

Көбірек

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерін құттықтаймыз!

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. 1992 жылы 13 шілде күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті – ҚР-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, тұлға мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысын, мемлекет егемендігін, аумақтық тұтастықты, экономикалық, ғылыми-техникалық әлеуетін қамтамасыз етуге арналған арнайы мемлекеттік орган. Қазақстан

Көбірек

Шетел тілдері факультетіне жаңа декан сайланды

Үстіміздегі жылдың маусым айында  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Шетел тілдері факультетінің деканының бос орынына жарияланған конкурстың қорытынды нәтижесі шығарылды. Байқауға 2 адам өз кандидатураларын ұсынған болатын. Университет ректорының бұйрығымен құрылған конкурстық комиссия декан лауазымына үміткер бағдарламасын сараптай келе,  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Шетел тілдері факультетінің деканы лауазымына

Көбірек

Құттықтаймыз!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі (БСҚА) тарапынан жүргізілген Қазақстанның 2017 жылғы үздік ЖОО рейтингіне қатысты. Қазақстанның 2017 жылғы үздік ЖОО ұлттық рейтингіне барлығы 61 жоғары оқу орны қатысқан болатын. Алайда 2017 жылғы үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингіне академиялық қызметі бойынша максималдық балл санының

Көбірек

Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді шын жүректен Астана күнімен құттықтаймын! Бұл Астана тұрғындары үшін ғана емес, сондай-ақ әрбір қазақстандық үшін де елеулі күн! Астана — халықтың мақтанышы, біздің еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің символы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаты нәтижесінде Астана тарихи қысқа мерзім ішінде миллион тұрғыны бар экономикалық және мәдени орталыққа айналды. Біздің жас астанамыз үздіксіз

Көбірек

Астанаға үлес қосқан университет түлектерімен мақтанамыз!

Ақтөбе өңірі атышулы Әбілқайыр ханның, Әйтеке бидің, XV ғасырдың ұлы батыры Қобыландының, Арал мен Әжібай, Алтай мен Алыбай, Бөкенбай мен Есет Көкіұлы, Асау мен Барақ, Жоламан мен Бақтыбай, Көтібар мен оның ұлы Есет, Қарағұл мен Қайдауыл сынды көптеген ел қорғаған батырлардың, ұлы ойшыл Мөңке би, Шернияз, Ақтан, Сары, Саршолақ сияқты

Көбірек

Қ.Жұбанов университеті өз түлектерімен мақтанады!

Университет ұжымы әрдайым өз түлектерінің жетістіктерін мақтан тұтады. Олардың қатарында жоғары лауазым иелері ғана емес, республика мен халықаралық деңгейде қоғамдық беделі мен кәсіби шеберлігі жоғары, нағыз маман иелері. Бүгін Жұбанов университеті тарих факультетінің түлегі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлзат Ізбасарқызы Көбенованы жоғары лауазымға тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды! Өзінің ғылыми-педагогикалық еңбек жолын университет

Көбірек

Жасай бер, жайнай бер — Астана!

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігері мен тарихи бастамаларының арқасында қасиетті Сарыарқа даласында өзіне ғана тән бірегей сәулетімен арман қала бой көтерді. Сарыарқаның төсінен Қазақстанның жаңа елордасын салу, оған Мәңгілік ел болу мүддесіне сай рухани мазмұн беру – Ұлт Көшбасшысы, еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлы идеялары, шешімді қадамдары арқылы

Көбірек