Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 238)

Латын әліпбиіне көшу

Латын әліпбиіне көшу жұмыстарына ақтөбелік ғалымдар да зор үлес қосып жатыр. Түркітілдес елдердегі әріптестерімен бірге олар жаңа оқу құралын жарыққа шығарды. Қазақ, ағылшын, түрік тілдеріндегі еңбек Түркияда басылды. Ал тұсаукесері Ақтөбе университетінде өтті.   https://aktobetv.kz/kz/news/society/latyn-elipbiine-koshu-2024  

Көбірек

Өнер байқауының жеңімпазы атанды

Жұбанов университетінің білім алушылары  талай байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Төтенше жағдайға қарамастан жетістіктердің жалғасы үзілген емес. Әлемдік додалардың көпшілігі қашықтан ұйымдастырылып, онлайн форматта өткізілуде. Осы орайда алты алаш жастарының басын қосқан, Алаш өнер орталығының ұйымдастыруымен өткен ХІІ Халықаралық «ALASH STAR» өнер байқауында Жұбанов университетінің  филология факультетінің студенттері де сынға

Көбірек

ҚР Тұңғыш Президентінің Алғыс хатына ие болды

Биылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында белсенділік танытқан Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков және университетінің бас ғылыми хатшысы, қауымдастырылған профессор Мира Балтымова ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.  «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен

Көбірек

Белсенділер марапатталды

"Nur Otan" партиясының облыстық филиалы бір топ белсендіні марапаттады. Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы кезінде жұмыс істеген 900-ге жуық ақтөбелікке партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хаты берілді. Олардың арасында ардагерлер, өнер адамдары мен жастар, қоғамдық ұйым өкілдері бар.   http://aktobetv.kz/kz/news/society/belsendiler-marapattaldy-3

Көбірек

Қадірлі құт дарыған Ақтөбе елі! Қасиетті Қара шаңырақ – Жұбанов университеті!

Бүгін менің Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің басшылығындағы қызметім аяқталып отыр. «Шығысым батыс болды» деп келген осы төрт жылға жуық уақытта Ақтөбе бізді құшағына алды. Кешегі Абайдың бабасы Ырғызбайдың, Кеңгірбай бидің кіндігін кескен өңірде, Шыңғыстаудағы Құнанбайды тауып, екеуі бірлесіп Меккеде тәкия салған Досжан Хазіреттің туған жерінде қызмет ету мен үшін

Көбірек

Жаңа қызметке шығарып салды

Жұбанов университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков Семейдегі Шәкәрім университетінің ректорлық қызметіне тағайындалды. Жұбанов университетінің ұжымы  мен студенттері профессор Бауыржан Аманкелдіұлы Ердембековті жаңа қызметке шығарып салды. Студенттер сарайында өткен басқосуға облыстық әкімшілік ұжымы, меценттар, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері  қатысты. Жиынды алғысөзімен ашқан облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағамбет  облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің 

Көбірек

«Жұбановшылар бастамалары» гранттық қолдау конкурсына қатысуға шақырамыз!

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыруға, жастардың қоғамдық белсенділігін қолдауға, әлеуметтік маңызды нәтижелерге қол жеткізу және республикалық, халықаралық гранттық қолдау жобаларына қатысу үшін тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беру мақсатында университет «Жұбановшылар бастамалары» гранттық қолдау конкурсын ұйымдастыратындығын хабарлайды. «Жұбановшылар бастамалары» гранттық қолдау конкурсына жалпы басшылық және ұйымдастыру жұмыстарын Жастар ісі жөніндегі комитеті

Көбірек

Жас жұбановшылармен толықты

Жыл сайын Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков бірінші курс білім алушыларымен дәстүрлі түрде кездеседі. Бүгінгі кездесуге проректорлар, декандар, декан орынбасарлары, педагогика, тарих, экономика және құқық факультеттерінің жас жұбановшылары қатысты. Дәстүрге айналған кездесу студенттерді университеттегі білім жүйесімен, жастардың ізденістері мен шығармашылығын дамыту бағытындағы жоспарлармен, университеттің ішкі тәртіп ережелерімен және түрлі жеңілдіктермен

Көбірек

Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысуға шақырамыз!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Сіздерді 2021 жылдың 9-сәуірінде (Ақтөбе қ.) өтетін «Көпмәдениетті кеңістіктегі тіл мен әдебиет: мәселелер, идеялар, даму үрдістері» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысуға шақырады. Конференция мақсаты – қазіргі кезеңдегі көптілді қоғамның өзекті мәселелерін қарастыруға ғалымдарды шақыру. Конференцияның міндеттері: ғылыми зерттеулердің жаңа теориялық және практикалық нәтижелерін талқылау, ғылыми қарым-қатынас орнату және

Көбірек