Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 243)

Дәуір мен дата: қазақтың жаңа тарихы жазылады

Бауыржан КЕЛАМАН, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын оқып шықтым. Расында, біз күнделікті тұрмыс қуып жүріп, жеткен жетістіктерімізді байқай бермейді екенбіз. Отыз жылда шыққан белесіміз де бар. Мемлекет басшысының тәуелсіздігімізді нық ұстап тұру жайында айтқан сөздері әріден қамтып, болашақ ірі істердің жолын ашып бергендей болды. Әсіресе, тарихқа бойлағаны қуантты.

Көбірек

Еріктілер еңбегі еленді

Волонтерлар жылының соңғы күндерінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Дүйсенғали «Birgemiz, Asylmura» жалпыұлттық  жобасы аясында тарихи-мәдени мұраның қорғалуы мен сақталуына өз үлестерін қосып, Ақтөбе археологиялық экспедициясының ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысқан бір топ еріктіге Алғыс хаттар тапсырды. Марапатталғандар қатарында әріптесіміз, музейдің қор сақтаушысы Мәншүк Әбілғазиева, Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі

Көбірек

Олимпиада жеңімпаздары Құдайберген Жұбанов атындағы грантқа ие болды

Жұбанов университетінде өткен физика және математика  пәндері олимпиадасының үздіктері марапатталды. Олимпиадаға Ақтөбе қаласы мен аудандарындағы мектептерден  200-ден астам оқушы қатысты. Олимпиада барысында оқушылар  ҰБТ форматында қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық,  математика және физика бейіндік пәндері бойынша тест тапсырмаларынан өтті. Олимпиада нәтижесінде 3 жеңімпаз Құдайберген Жұбанов атындағы грантқа ие болды, қалған 6 жеңімпаз

Көбірек

Ақын тойы — ел мерейі

Биыл қазақтың бас ақыны, ғұлама, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай республикамызда және шетелдерде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде Ақтөбе жерінде ұлы ақынға арналып еңселі ескерткіш ашылып, кіші сәулет нышандары орнатылды. Жыл соңында біз ұлы ақын мерейтойына орай елімізде және облыста ұйымдастырылған атаулы шараларды оқырмандар назарына ұсынамыз.  Елордадан басталған

Көбірек

2020 жыл қорытындысы

Жыл мерейтойы Биыл Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің құрылғанына 85 жыл толды. Мерейтойға арналған салтанатты жиын 2000-нан астам адамның қатысуымен ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Шара «Жұбанов кітапханасы» жобасы аясында жарыққа шыққан «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 85 жыл» мерейтойлық кітабы мен ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған халықаралық онлайн-көрменің экслибрис-каталогының тұсаукесерімен басталды. Жыл

Көбірек

Президент: ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газетіне жарияланған мақаласында Қазақстанның саяси жүйесі заман талабына сай дамып келе жатқанын тілге тиек етті, - деп хабарлайды Еgemen.kz «Мәжіліс депутаттарының биылғы сайлауы – көппартиялы Парламентті орнықтыру жолындағы маңызды қадам. Бізде саяси көзқарастары әртүрлі партиялар бар. Олардың ұстанымдары консервативті, либералды,

Көбірек

Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Бағдар мен белес Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз

Көбірек