Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > pressa (Страница 256)

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтті

2020 жылдың 23-25 қыркүйек аралығында Жұбанов  университетінің 15 білім беру бағдарламасына Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) тарапынан on-line режимде мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілді. Аккредиттеу рәсімінің мақсаты – білім бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін тану үшін аккредиттеу органы тарапынан жүргізілетін бағалау процесі. Дәлірек айтсақ, мамандандырылған аккредиттеу барысында университеттегі білім беруді

Көбірек

Жас мамандар сайысты

Жұбанов университетінің мерейтойы қарсаңында оқытушылар мен студенттердің  қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Бүгін  де аталған оқу ордасының жас мамандары арасында «Quiz, please!» шарасы ұйымдастырылды. «Quiz, please!» интеллектуалды сайысы  бірнеше турлардан тұрды, олардың бірі Жұбанов университетінің тарихы мен дамуына арналған. Сайыста топ мүшелері тапсырма орындалу шартына байланысты белсенділік танытты. Сайыс қорытындысында 1 орын техникалық факультетіне бұйырса,

Көбірек

Жүлделі орындарға ие болды

Жұбанов университетінің Жоғары колледжінің білім алушылары «Әлем таныған Абай!» атты балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында өткен республикалық байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Аталмыш байқау Алматы қаласындағы «Жаңа ғасыр таланттары» интеллектуалды-олимпиадалық, шығармашалық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Байқау Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойын кеңінен насихаттау және жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында ұйыдастырылды. Байқауда эссе

Көбірек

Жеңімпаз анықталды

Бүгін конкурстық комиссияның отырысы өтті, онда Жұбанов университетінің маршы таңдалды. Университеттің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Нұржан Бердыбаев төрағалық ететін комиссияның құрамында белгілі әнші, композитор Марат Әйтімов, Т.Ахтанов атындағы драма театрдың режиссері Елтай Кемал, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның директоры Елубай Кенжалиев, ақын Бауыржан Құрманқұлов және басқа да мәдениет, өнер қайраткерлері

Көбірек

Дәстүрлі шара жалғасын тапты

Жұбанов университетінің белсенді студенттері  Мұғалімдер күні қарсаңында үшінші жыл қатарынан қала көшелеріне шығып, мұғалімдердің еңбегіне айрықша назар аударды. Акцияның басты  мақсаты — ұстаздарға кәсіби мереке қарсаңында құрмет көрсету және жастардың ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге шақыру. Бүгін "Ұстазыма мың алғыс" акциясы аясында студенттер түрлі-түсті парақшалар таратып, Арбатта, 101-ші атқыштар бригадасының аллеясында және ірі сауда орталықтарының

Көбірек

Әлихан жазған сценарий бойынша анимациялық фильм түсіріледі

Республикалық телеарналарда мультхикая жарық көрді, оның авторы - Жұбанов университетінің Жоғары колледжінің оқытушысы, жас маман Әлихан Жақсылық. "Ырысты ыдыстар" мультхикаясы  Әлихан Жақсылықтың сценарийі желісінде «Balapan» телеарнасының  тапсырысы бойынша түсірілді. «Ырысты ыдыстар» бүгінде жаппай қолданыстан шығып қалған ұлттық ыдыстарымызды қайта насихаттауды мақсат етеді. Анимациялық фильм балаларға қызықты оқиғалар топтамасында ата-бабаларымыздан қалған жәдігерлерді таныстырады. Әр бөлімде

Көбірек

Бірінші курс студенттерімен кездесу

Соңғы екі аптада Жұбанов университеті бірінші курс студенттерімен онлайн режимінде кездесулер өткізіп, университеттің студенттік ұйымдарымен танысты. Барлық факультеттерден 14 клуб және 200-ден астам топ басшылары қатысты. Клубтың әрбір өкілі ұйымның қызметі туралы, олардың жұмысының алдағы жоспарлары туралы, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар қоғамдық жобаларды іске асыру туралы баяндады. Сонымен қатар, білім алушылар

Көбірек